Мұндай құндылық табысқа қол жеткізген шетелдік мемлекеттік органдарға да тән.

19.04.2019

Қызметкерлерге қамқорлық жасау – қызметкерлердің тиімділігін және қайтарымдылық әсерін арттыруға ұмтылатын кез келген жұмыс берушінің басымдықтарының бірі.

Біз мемлекеттік қызмет саласындағы озық тәжірибелерді басшылыққа ала отырып, Агенттіктің пилоттық режимдегі жұмысының жаңа графигін енгізудеміз. Орталық аппараттың және біздің өңірлердегі бөлімшелердің азаматтық блогында жұмыс күні таңертең сағат 8.30-да басталатын және сағат 17.30-да аяқталатын болады.

Көптеген еуропалық елдерде кеңселер таңғы сағат 7.00-8.00-де ашылады. Қызметкерлер үйлеріне Ұлыбританиядай сағат 17.00-де, ал Швейцариядағы сияқты сағат 16.00-де қайтады. Мемлекеттік қызметшілердің түскі асына небәрі жарты сағат бөлінеді. Біздегі түскі ас уақытындағы үзіліс бір жарым сағатты құрайды. Ақылдаса келе, бір сағаттың өзі жеткілікті болады деп шештік. Ең болмаса, сынап-көруіміз керек.

Осылайша, біз қысқартылған түскі үзілістің қысқартылуымен және жұмысқа шығатын уақытты жарты сағатқа шегере отырып, 8 сағаттық графикті сақтайтын боламыз. Қызметкерлер болса, белгілі бір артықшылықтарға ие болады.

Біріншіден, егер жұмысқа сағат 9-да емес, сегіз жарымда келетін болса, жолда көлік кептелісі аз. Екіншіден, жұмыстан сағат 17.30-да шығатын болса, жеке өмірін барынша тиімдірек үйлестіруге болады – отбасына көбірек көңіл бөліп, балаларымен бірге уақыт өткізіп, оларды үйірмелерге апарып, серуендей алады. Кешкілік уақытта тіл үйрену курстарына немесе спорт залдарына баруға болады, яғни, өзін-өзі дамытуға және кәсіби жетілуге жеткілікті уақыт бөліне алады. Кейбіреулер саяжайға барып, бақтар мен бақшаларын күте алады.

Қызметкерлер ырза болса, олардың отбасылары да бақытты деген сөз. Ал, жадыраңқы көңіл-күй ынталандыруға және жұмыстағы тиімділікке міндетті түрде ықпал етеді.

Әзірге мұндай режим Агенттікте ғана енгізілуде. Мен пилоттық жобаның қорытындылары туралы міндетті түрде хабардар етемін. Сынап-байқау сәтті өтетін болса, осындай графикті басқа да мемлекеттік органдарға ұсынатын боламыз.

Похожее