17.06.2018
Көшпелі жиын «Рухани» жаңғыру» бағдарламасын орындау барысына арналды. Сарапшылар аталмыш бағдарламаның Шығыс Қазақстан облысында атқарылу барысын және жоғарғы оқу орындарында қандай маңызды міндеттер атқарылып жатыр, соны талқылады.
Алғашқы боп сөз алған ШҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Нелли Краснобаева, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы облыста кешенді түрде қолға алынғандығын, тарихи-мәдени жерлерге экспедициялық түрлі бағыттағы шаралардың жүргізілгендігінен хабардар етті.
Мәжілісті ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор Орталық сараптама кеңесінің сарапшысы Дихан Қамзабекұлы жүргізіп отырды.
Жиынға э.ғ.к., профессор Ерлан Арын, ҚР Инвестициялар және даму министрі қоғаммен байланыс бөілімінің меңгерушсі Берік Уәлиұлы, ф.ғ. к., профессор Аманжол Әлтай, Семейдегі Шәкәрім университетінің ректоры, профессор Мейір Ескендіров, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректорының м.а. Сәуле Рахметуллина, Сәрсен Аманжолв атындағы Шығыс Қазақстан мемлкеттік университеті тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ирина Ровнякова және тағы басқалары қатысты.
Жарыс сөзге шыққандардың бірі профессор Арап Еспенбетов Абайды рухани жаңғыру бағдарламасының негізі етіп алған дұрыс, десек те осы уақытқа дейін әкесі Құнанбайдың еңбегі дұрыс бағаланбай, назардан тыс қалып отырғандығын айтты. Сондай-ақ, мемлекеттік Елтаңба авторы, сәулетші Жандарбек Мәлібеков Астанадағы Тұңғыш Президент музейінің барлық қалаларды бөлімдері ашылуы қажеттігін, Семейде де ашылып жатса, барлық керек-жарақты жеткізудің мүмкіндігі бар екендігін жеткізді. Сараптама тобы құрамында келіп сөз алған Серікзат Дүйсенғазы, Ерлан Сайлаубайлар Алаштану мәселесін жоғары деңгейге көтеру қажеттігі туралы айтты.
Жиында белгілі болғандай Сарапшылар рсепубликалық және халықаралық деңгейдегі жобаларды қалыптастырудың қажеттігіне баса назар аударуды қолға алмақ. Астанадан «Абай» институтын ашу және «Абай» журналын жоғары талаппен шығару көзделген. «Алтай-Тарбағатай» кітапханасы бойынша Ақтамберді жырау, Дулат Бабатайұлы және тағы басқа да көптеген шығармалардан тұратын кітаптар шығару қажеттігін алға тартты. «Алаш автономиясы және өңірден шыққан тарихи тұлғалар» бойынша жобаларға айрықша назар аудару керек. Туризмді дамыту, киелі жерлерді аббатттандыру, Ақсуаттағы Ырғызбай баба кесенесіне тарихи маңыз беру, археологиялық зерттеулер жүргізу, «рухани жаңғыру» юғдарламасының негізгі ережелерін оқу үдерісіне енгізу, студенттік бастамаларға қолдау беру туралы да айтылды.
Көшпелі мәжіліс соңында «Іскер азамат-ел тірегі» кіші бағдарламасының белсенділігін арттыру жөнінде ұсыныстар қабылданды. Мәжіліс аясында Л. Гумилев атындағы ЕҰУ және өңірдегі бес университеттің ректорлары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық Меморандумға қол қойды.
Раушан Нұғманбекова, суреттер автордыкі.
Семей.
Похожее