1-наурыз-Алғыс айту күні қарсаңында Өскемен қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері қайырымдылық шараларын тағы бір мәрте жалғастырды.

21.02.2019

Яғни, 2019 жылдың 20 ақпанында облыс орталығында орналасқан «Облыстық қан орталығына» барып қан тапсырды. Қандай да бір қиын жағдайға ұшыраған жанның ағзалық қанға мұқтаж болатыны белгілі. Күнделікті қызмет бабында сан түрлі оқиғалардың куәсі болатын тәртіп сақшылары адам өміріне араша түсуге қашан да дайын тұрады. Қан тапсыру-бұл Өскемендік полицейлердің қалыпты дәстүріне айналған шара.
  • Қан тапсыруды біз өзіміздің азамат ретінде міндетіміз деп білеміз. Тапсырған қанымыз кез-келген жанның қажетіне жарап, жанына шипа болса деп тілейміз. Бұл ісіміз келешекте де жалғасын таба береді,-деді бүгінгі қан орталығына келген Өскемен қ. ПБ айдауыл қызметі взводының айдауыл-полицейі полиция аға сержанты Ануарбеков Бекзат.

Егер бір рет қан тапсырсаңыз бір, я, екі адамның өміріне араша бола аласыз. Ал тұрақты донорға айналсаңыз, жүздеген жанның өмірін сақтап қалуға себепші боласыз.

Похожее