15-ақпан күні сағ.15.00-де Шығыс Қазақстан өнер музейінде «Қазіргі заманғы гобелен. Қазақстанда жасалған» атты шығармашылық жобаның тұсаукесері болады.

13.02.2019

Авторлар өз жобасының еліміз бойынша бастапқы есеп беру нүктесін Шығыс Қазақстан өнер музейінен бастағандары аса қуанышты. Бұл көрме белгілі қазақстандық монументші-суретшілер, ҚР СО мүшелері Мәлік Мұқанов, Бауыржан Досжанов және Айдар Жамхандардың гобелен үлгісінде жасалған бірегей жұмыстарын ұсынады.

Бұл монументшілердің жасаған паннолары мен кенеп маталарының ауқымы метрлеп есептеледі. Олар Қазақстанның белгілі нысандарын  безендіруге, соның ішінде, Астана мен Алматының әкімшілік, қоғамдық ғимараттарының ішкі көріністерін, Алматы метрополитенін көркемдеуге, ұлттық компаниялардың офистерін безендіруге қатысты. Көрмеде ұсынылған әрбір суретші бейнені заманауи ұсынуларымен қатар өткен дәстүрді терең білулерімен ерекшеленеді. Вернисажда авторлардың қатысуы жоспарлануда. Біз өнерсүйер қауыммен қатар сәулетшілерді, спортшыларды, дәстүрлі қазақ қолөнер білгірлерін  күтеміз. Көрмені ашу аясында  Қазақстанның заманауи монументалды-сәндік гобеленіне арналған М.Мұқановтың шеберлік сабағы өтеді. Ал, көрермендер суретшілермен тікелей сұхбаттасуға мүмкіндік алады.

Похожее