13.09.2018
2018 жылғы шомылу маусымының қорытындысы бойынша ШҚО ТЖД, ШӨАЖҚЖ және Өскемен қаласы ТЖБ мамандары мен құтқарушылары алдағы болатын брифингте айтып береді. Брифинг спикерлері болып Өскемен қаласы ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімшесінің бастығы Валентин Литвиненко, ШӨАЖҚЖ бас құтқарушысы Анатолий Рожков пен ШҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жанарбек Токушев сөз сөйлейді.
ТЖ қызметнің мамандары судағы оқиғалар туралы жағдайды, азаматтардың мерт болу себебін айтады, шомылуға тыйым салынған орындар, жағажайларды жабдықтаудағы талаптар мен ережелер, демалушыларға жаз кезінде өткізілген акциялар туралы баяндайды. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес әкімшілік жазаға тартылғандар мен суайдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі проблемалық мәселелер туралы сөз қозғайды. Брифингте сонымен қатар құтқарушылардың құтқарған адамдары туралы жұмысы да қарастырылатын болады.
Құтқарушылар адамдардардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жұмысы облыстағы су объектілеріндегі адамдардың өмірін қорғаудағы ережелерді сақтауға бағытталған жан-жақты нақты шараларды анықтай отырып талдау жасады.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...