2019 жылдың 02 сәуірі мен 09 сәуірі аралығында Өскемен қаласы аумағында өткізіліп жатқан «Металл» жедел-алдын алу шаралары аясында Өскемен қаласының

04.04.2019

Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері металл қабылдау орындарына тексеру жүргізді. Іс-шараның мақсаты-металл қабылдау орындарының заңсыз әрекеттерін болдырмау және ұрланған түрлі-түсті металдарды анықтау болып табылады.
  • Ағымдағы жылдың 02 сәуірінде Өскемен қаласы аумағында орналасқан түсті металл қабылдау орындарын тексеру барысында заңсыз әрекеттер анықталды. Защита шағын ауданында орналасқан қабылдау орнында тиісті құжаттар болмаған. Ал, Бажов көшесіндегі металл қабылдау орнындағы өлшеу таразысы тиісті сертификатсыз екені мәлім болды. Екі бұзушылық бойынша да хаттама толтырылып, тіркеуге алынды,-деді Өскемен қ. ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция капитаны Азамат Рақадылов.

Тәртіп сқшыларының мәліметтеріне сүйенсек, Өскемен қаласы бойынша 60-тан астам темір қабылдау орындары бар екен. Олардың жыл сайынғы саны, әрекеттері мен қозғалыстары криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің үнемі жіті қадағалауында.

Похожее