2019 жылғы 23 қазанда қаланың халықты жұмыспен қамту орталығында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.

25.10.2019

Барлық жұмысқа орналасуды немесе жұмысын өзгертуді қалайтындар үшін жұмыс орындарын қаланың экономикалық саласының 50 түрлі ұйымдары мен кәсіпорындары ұсынды. Олардың ішінде «Казцинк» ЖШС, «Востоквзрывпром» ЖШС, «Айтас-энерго» ЖШС, «Согринская ТЭЦ» ЖШС, «Бипэк Авто» АӨ, «Востокмашзавод» АҚ, «ҮМЗ» АҚ, «Өскемен құс фабрикасы» АҚ және басқа компаниялар.

Жұмыс берушілермен 420-дан астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Кәсіпорындарға энергетиктің басшысы, механик, жүк тиеушінің машинисті, жүк ілдіруші, технологиялық жабдық жөндеушісі, инженер-энергетик, металл бөлшектерді жинау бойынша слесарь, сатушы, тәрбиеші, жүргізушінің көмекшісі, хореограф, тігінші, автослесарь, күйдіруші, аппаратшы, электрмонтер және тағы басқа мамандар қажет.

Жұмыс берушілер бос жұмыс орындары туралы толық ақпаратты ұсынды, жұмысқа үміткерлермен сұхбат жүргізілді, кәсіпорынға толық сұхбат үшін таңдалған үміткерлерді шақырды.

Жәрмеңкеде кеңес беру орталығы жұмыс істейді, барлықтары жұмыспен қамту орталығының мамандарынан жұмысқа орналастыру, қайтадан оқыту, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар іс-тәжірибесі бойынша қызықтырған ақпаратты ала алады, қалалық бос жұмыс орындары банкімен танысып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша кеңес ала алды.

Іс-шараның қатысушылары «ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» ММ-нің, ШҚО «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ-ның, ШҚО бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының және т.б өкілдерінен кеңес алды.

Сонымен қатар, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне ШҚО «Жеке сот орындаушыларының аумақтық палатасы», ШҚО әділет департаменті алимент бойынша борыштары бар жұмыссыз борышкерлерді келуін қамтамасыз ету мақсатымен қатысты.

Әрбір қалаушы «Қалай Электрондық еңбек биржасында түйіндемені дұрыс құру және жариялау», enbek.kz сайтында «Жеке кабинет» ашып, түйіндеме құруға мүмкіндік алды, электрондық еңбек биржасы қызметтерін, кәсіби диагностикадан өтті.

Жұмыс іздеп Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін шамамен 400 адам келді.

Жәрмеңке барысында сұхбаттасуға жұмыс берушілерден 180 адам шақырту алды, 74 адам жұмыс берушілерге түйіндеме қалдырды, 45 адам мамандық алу бойынша компьютерлік тестілеуден өтті, 18 түйіндеме құру бойынша көмек алды, 68 адам нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша кеңес алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Похожее