«7-20-25» бағдарламасы

30.10.2018

Ағымдағы жылдың мамыр айында «7-20-25. Әр отбасыға жаңа үй сатып алу мүмкіндігі» тұрғын үй ипотекалық несиелендіру бағдарламасы бастама алды. Елбасының Жолдауында барлық деңгейдегі әкімдіктерге осы бағдарламаны іске асыру тапсырылды.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, әрбір азамат үй сатып алу үшін, ыңғайлы шарттармен ипотекалық несие ала алады. Басты талап - белгілі бір құнды жаңа үй. Өскемен қаласы үшін бұл баға 15 миллион теңгеден аспауы керек. 
Бағдарламаға жеке меншік тұрғын үйі және басқа да ипотекалық несиелері жоқ, ресми табысы бар, Қазақстан Республикасының кез келген азаматы қатыса алады. 
Қазір облыс орталығында бағдарлама бойынша несиелер берілуде. Бағдарламалар іске қосылғаннан бері «Банк Центр Кредит» банкінің Өскемен қалалық филиалына 1 422 миллион теңге сомасына 162 өтінім келіп түсті. Олардың ішінде 1 133 миллион теңге сомасына 129 өтінім мақұлданды, 822 миллион теңге сомасына 92 несие берілді.

Похожее