26.01.2019
Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Жолдауында салықтың негізгі сомасын төлеу шартымен өсымақылар мен айыппұлдарды есептен шығаруды көздейтін шағын және орта бизнеске арналған салық рақымшылығын жүргізуді қолға алуды тапсырды. Рақымшылық 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша орын алған негізгі борышты 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтеу шартымен шағын және орта бизнес субъектілерінің өсімақылары мен айыппұлдарын есептен шығаруды мақсат тұтады. Бұл ретте айыппұл сомасы 2018 жылдың 1 қазанындағы ахуал бойынша есептен шығарылатын болса, өсімпұл сомасы – негізгі борышқа төлем жасалған күнге дейін есептелген сома бойынша есептен шығарылады. Мемлекеттік кірістер комитетінің алдын ала есептеулері бойынша 90 077 ШОБ субъектілері (31 210 ЗТ және 58 867 ЖК) рақымшылық жасауға жатады.
ҚР-ның Салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу ережелері 2019 жылдан бастап өзгерді және соның нәтижесінде қызметкерлердің салық жүктемесі төмендеді. Атап айтқанда, табыс мөлшері 25 АЕК-тен (2019 жылға - 63 125 теңге) аспайтын қызметкерлер үшін табыс салығының мөлшерлемесі енді мәні бойынша 1% - ды құрайды, өйткені мұндай қызметкерлердің салық салынатын табысы төлем көзінен ЖТС ұстап қалу кезінде 90%-ға азайтылуға жатады (Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 49-тармақшасы).
2019 жылы енгізілген тағы бір жаңалық – бұл Бірыңғай жиынтық төлем туралы заң. Бұл бір жолғы төлем өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалардың қызметін тіркеу үшін енгізіледі және 4 міндетті төлемді алмастырады. БЖТ төлеушілер үшін республикалық маңызы бар қалалар, астана және облыстық маңызы бар қалалар үшін 1 АЕК (2 525 теңге) мөлшерінде және басқа елді мекендердің тұрғындары үшін АЕК (1 263 теңге) жартысының деңгейіндегі екі есе төмен табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер бойынша ең төменгі мөлшерлемелер белгіленген.
Тәуекелдерді басқарудың жаңа жүйесі туралы Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің баяндамасы тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды. Қазақстандағы көптеген салық төлеушілер Салық төлеушінің жеке кабинетінде олардың кәсіпорны қандай тәуекел дәрежесіне жатқызылғаны туралы (жоғары, орташа немесе төмен) ақпарат алды. Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Сәуле Баймағамбетова ТБЖ-да қандай ашық критерийлер қолданылатыны және олардың қалай есептелу керектігі туралы егжей-тегжейлі баяндады.
Сондай-ақ іс-шара барысында «Электрондық келісімшарттар», онлайн-кассалар және осы жылдың басынан салық төлеушілер бетпе-бет келген басқа да жаңалықтар сияқты жаңа цифрлық сервистерді пайдалану мәселелері қозғалды.
Форумға қатысушылар «1С Қазақстан» және дилер компаниялары өкілдерінің «1С:Кәсіпорын» бағдарламасы бойынша тақырыптық баяндамалар тыңдауға мүмкіндік алды. Пайдаланушыларға арналған 1С сервистері жайлы Антонина Шевчук әңгімеледі.
Юлия Прокопьева, салық кеңесшісі, «2019 ж. жаңа СК-ндегі өзгерістерге шолу. Бухгалтерлер үшін не өзгерді?» тақырыбына баяндама жасады.
«Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8» заңнамасындағы өзгерістерді қолдау туралы «1С-Рейтинг» (1С Қазақстан өңдеушісі) компаниясының әдіскері Ольга Мурзинцева баяндады.
Келесі сессиялар «Виртуалды қойма» ЭШФ АЖ жүйесінің жаңа модулінің қызметіне байланысты мәселелерді талқылауға және 2018 жылғы жылдық есептілікті тапсыруға арналды.
Форумға қатысушылар «1С:Кәсіпорын» «жанды» жүйесінің бағдарламалық өнімдері ұсынылған «Серіктестік шешімдердің вернисажында» болып қайтты. Сонымен қатар мұнда «1С» фирмасының серіктестерімен «1С: Кәсіпорын» негізінде автоматтандырудың күрделі мәселелерін талқылауға мүмкіндік берілді.
Іс-шараға қатысушылар үшін туристік жолдаманы ойнату жағымды тосынсый болды.
Естеріңізге сала кететін болсақ, Қазақстандағы «1С» өкілдігі бухгалтерлер мен жетекшілерге арналған «1С» форумын жыл сайын өткізеді. Биылғы жылы ол 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР-ның кодексіне (Салық кодексі) енген өзгерістерге және 2018 жылдың жылдық есебін тапсыру бойынша өзекті мәселелерге арналған.
Форум жұмысына бухгалтерлер, қаржы директорлары, аудиторлар және ірі компаниялардың, мемлекеттік ұйымдар мен бизнестің басқа да өкілдері қатысты.
«1С Қазақстан» директоры Дмитрий Годун ағымдағы жағдайды атап өтіп, 2019 жылы Қазақстанда «1С» фирмасының даму жоспарымен бөлісті. Қаржы секторында бағдарламалық өнімдер нарығындағы негізгі жеткізушілердің бірі ретінде «1С» компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілетін барлық өзгерістерге уақтылы ден қоюға тырысады. Осы жылы да біздің өнімдеріміздің көптеген модульдері Салық кодексіндегі өзгерістерге сәйкес түзетілді. Біз үшін осы өзгерістердің барлығы жайлы соңғы тұтынушыларымыздың хабардар болуы өте маңызды. Дәл осы үшін біз осы барлық мүдделі тараптардың бір-біріне тікелей сұрақтар қоя алатын және мәселелі сәттерді талқылай алатын өзіндік диалог алаңын құрдық», –деп атап өтті.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...