ҚАУІПТІ ЭХИНОКОККОЗ

03.12.2018

Эхинококкоз – адам және жануарлар бойында кездесетін табиғи-ошақтық, ауыр паразиттік аурушаңдық.

Аурушаңдықтың қоздырғышы - иттің ішегінде өмір сүретін эхинококк – гельминт. Аурушаңдықтың негізгі ошағы – иттер болып табылады. Өскемен қаласы аумағында эхинококк аурушаңдығы бойынша жыл сайын бірен сараң жағдайлар тіркеледі, 2018 жылдың 10 ай аралығында 3 жағдай тіркелген, 2017 жылдың іспеттес кезеңімен салыстырғанда -2 жағдай. 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурушаңдыққа шалдыққандар 2 жағдай тіркелген. Ересектер арасында бір жағдай, жұмыс істемейді. Эхинококктармен өкпе мен бауыр зақымданған. Жұқтыру орны Өскемен қаласы, аурушаңдық ошағы ит.

Бауырға немесе өкпеге эхинококк құрты еңгізілген жағдайда аурущаңдық дами туседі. Бұл өте қауіпті аурушаңдық. Ол денсаулыққа залал келтіріп тіпті өлімге дейін апаруға мүмкіндігі бар. Гельминт иттердің ішегінде өмір сүреді, ұзындығы 2-7 мм-ге дейін жетеді, гельминт жұмыртқалары жануарлардың нәжісімен бірге бөлініп, жүнді және қоршаған ортаны кірлетеді, ал эхинококк құрттары келесі ағзаларда өмір сүреді: адам, шошқа, ірі және кіші қара мал, түйе, жылқы.

Адамға аурушаңдықтың жұқтыру жолдары: аурушаңдыққа шалдыққан итпен байланысқанда, жидек және шөптерді жинау барысында, гельминт жұмыртқалары кірлеткен су ошағынан су ішкен жағдайда.

Эхинококк жұмыртқалары жер бетінде 10–26°С плюстік температурада өмір сүру қабілеті бір ай аралығында сақталады, шөптерде 14–28°С плюстік температурада 1,5 ай өткен соң ғана өліп барып жойылады. Эхинококк жұмыртқалары төменгі температураны жақсы көтереді.

Эхинококк жұмыртқалары адамның асқазан-ішек жолдарында қабығынан босатылады. Қабықтан босатылып бөлініп шыққан құрттар қан тамырларына енумен қатар тамыр қанымен қан айналымымен әр түрлі органдарға жайылады.Құрттардың басым көпшілігі бауырда, ал бөлігі өкпеде тұрақтанады. Тек маңыздылығы жоқ бөлігі ғана өкпе сүзгішінен өтіп барып артерия қанымен бірге бүйрекке, сүйекке, бұлшықтарға, миыға залал келтіреді. Екінші аптаның аяқталуға қалғанда құрт көпіршік құрылымына айналады. Бес ай өткен соң көпіршікке айналған құрт 5 мм-ге дейін жетіп ары қарай ақырын өсе бастайды. 20–25 жыл өткенде құрттың сыйымдылығы 10 л-ға дейн немесе одан да көп болуы мүмкін. Құрттың кистасының іші азғантай сары сұйықтықпен толтырылған. Кистасы көптеген көпіршіктерді құру мүмкіндігі бар, оны көпше эхинококкоз деп атайды..

Жұқтыру неге әкеліп соғуы мүмкін

Аурушаңдық асқынбаған жағдайда жылдар бойы білінбеуі мүмкін, алайда флюрография немесе УЗИ өткен жағдайда аңықталып жатады. Аурушаңдықтың ауырлығы киста қай органды зақымдады, даму жылдамдығы, асқынуына байланысты. Жүктілік, ауыр аурушаңдықтар, дұрыс тамақтанбау аурушаңдықтың созылуын ауырлата түседі және де кисталардың тез өсуіп кетуіне мүмкіндік беріп қана қоймай кисталардың басқа органдарда таралып жаңа ошақтарының пайда болуына септігін тигізеді. Кисталардың белгілі бір өлшемге дейін өскен жағдайда немесе ағзаның маңызды органның функцияларын бұзып

қыса бастағанда аурушаңдық аңықтала бастайды. Ішкі органдарда бауыр, бүйрек, көкбауырлардағы эхинококк кистасы тығыз серпімді ісік белгілері арқылы аңықталады.

Өкпенің, сүйектің закымдануы рентген нәтижелерінде кисталар болып көрінеді. Ең көп кездесетіні бауырдың эхинококк аурущаңдығы. Аурушаңдыққа шалдыққандарды әлсіздік, жұмыс істеу қабілеті және асқа деген тәбетінің төмендеуі, жүрек айнуы және лоқсу белгілері мазалайды. Осы белгілермен қатар қысымның көтерілуін немесе жоғарылауын және де оң жақ қабырға тұсындағы ауырлық сезіну, кей кездері қатты ауырсыну. Бауыр үлкейген, бірақ ауырсынуы аз.

Өкпе эхинококкозы - аурушаңдықтың жиілігіне қарай көптеп кездесетін екінші түрі. Оны өкпе аурушаңдығымен шатастырып алуға болады. Тіпті кішкентай кистаның өзі өкпеқаптың жанында орналасқанымен ауырсыну белгілері тым ерте байқалады, ал бронх агашы жағында жөтел арқылы білінеді. Жалпы өкпе эхинококк аурушаңдығына шалдыққандарды ережеге сай ентігу, қан аралас қақырық шығу, кеуде тұсында ауырсыну, түнде қатты жөтелу, бастапқыдағы құрғақ жөтел сілемейлі-ірінді сұйық жөтелге ұласады. Сирек кездесетін эхинококк аурушаңдық түрлері: көкбауырда, сүт безі, ішектерде, бұлшықтарда, тым сирек түрлері –сүйектерде, тері асты қабаттарында. Кей кездері осы ағзалардағы эхинококкозды ісік ретінде қабылдайды.

Асқынулары

Эхинококкоз аурушаңдығының ең қауіпті түрі кистаның үзілуі. Кистаның үзіліп кетуіне кез келген соққы немесе соғып алу, ауыр көтеру кезінде болуы мүмкін.

Кистаның үзіліп кетуі кенеттен ауырсынудан бастап аллергиялық реакция берумен қатар анафилактикалық шокқа дейін апарады.

Эхинококк сұйықтығы іш куысына түсуі перитонитке әкеліп соғады. Бронх жолдарындағы кистаның үзілуі қатты жөтелмен қатар, тұншығу белгілерімен сипатталады. Өкпеқапта үзілетін жағдайда анафилактикалық шок болып аяқ асты өліп кетуі мүмкін.

Эхинококкоз аурушаңдығын тек хирургиялық әдіспен емдейді.

Эхинококк жұмыртқаларын жұқтырып алмас ушін тұрмыстық қарапайым гигиеналық ережелерді сақтау қажет, жиі қол жууды қажет ететін жағдайлар:

* итпен байланысқаннан кейін;

* жыртқыш жануарлардың терісін сылығанда және өңдегенде;

* бақшадағы жұмыстардан кейін, аулада немесе бақшадан серуендеуден кейін, тамақ ішер алдында;

* тамаққа жуылмаған жидектерді, көкөністерді қолданбау, ашық су қоймаларынан су ішпеу, эхинококкпен зақымдалған ірі қара және ұсақ малдардың бауыр, өкпе агзаларымен иттерді қоректендірмеу.

* тоқсан сайын уй иттерін дегельментизациядан өткізу.

 

«ҚР ДСМ Қоғамдық денсау сақтау Комитеті ШҚО Департаментінің Өскемен қ. ҚДСБ РММ» ЭҚБ бас маманы Амирова Аяжан Айткеновна

Похожее