«Адалдық алаңы» жобасы талқыланды

24.01.2019

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық шаралар жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында «Адалдық алаңы» жобасы аясында аталған облыста сәйкесінше «Шығыс-адалдық алаңы» жобалық кеңесі ашылғанын хабарлайды

Жобаның негізгі міндеті-сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту, сыбайлас жемқорлықты жаппай қабылдамауды қалыптастыру және ШҚО мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін арттыру болып табылады.

Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында облыс орталығындағы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ғимаратында жоғарыда аталған жоба барысында атқарылып жатқан жұмыстарды талқылау негізінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Барлық мемлекеттік мекемелердің өкілдері ат салысқан жиында Өскемен қаласының Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Марат Баяндинов те болып қайтты. Дөңгелек үстел басында Полиция басқармасы аясындағы Миграция бөлімі жұмысының жаңа форматқа ауысуы және басқарманың жанынан ашылған фронт-кеңсенің жайы, ондағы атқарылып жатқан жұмыстар төңірегніде сөз болды.

  • Қаламыздағы Полиция басқармасында ашылған «фронт-кеңсе» өте ыңғайлы, жылдам және заман талабына сай қызмет түріне арналып жасалынған. Бірнеше бөліністің қызметкерлері тікелей халықпен жұмыс істейтін осы сервистік алаңның ерекшелігі-оның ашықтығы мен қол жетімділігінде,-деді сөз барысында Марат Баяндинов.

Шараға қатысушылар жобалық кеңсе өз кезегінде жариялылықты, ашықтықты қамтамасыз етуге және халықпен кері байланысты қалыптастыруға ықпал ететініне, бұл азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселелеріне оң әсер тигізетіне сенімді.

Похожее