Адамның өмірін құтқарып қалды!

02.04.2019

Күндегідей таңертеңгі уақытта Ольга Кретова Үлбі көпірі арқылы жұмысқа бара жатып көпірдің ернеуінен ары өтіп алып, көпірден секіргелі тұрған егде адамды байқап қалады. Ольга еш ойланбастан ол адамға жақындап келіп, ұстап алады. Қауіптің алдын алу үшін Ольга егде адамды алған бетінен қайтаруға тырысады. Сол мезетте өтіп бара жатқан жігіт 102 арнасына хабарласып үлгереді.

Тез арада оқиға орнына жеткен «Қыран-21» ПА полиция қызметкерлері қала тұрғынымен бірге өз өзіне қол салмақшы болған адамның өмірін құтқарып қалады.

  • Адамның өмірі қымбат қой. Оған тең келер ештеңе жоқ деп ойлаймын. Менің орнымда кім болса осылай жасар еді деп ойлаймын,-деді Ольга Кретова.

Аталған қала тұрғынының әрекетін Өскемен қ. Полиция басқармасының басшылығы жоғары бағалап, алғыс хатпен бірге сыйлық табыс етілді.

Сондай-ақ, Өскемен қаласы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Даур Болатұлы Ибраев осы тұрғыда оқиға орнына жедел жетіп ер адамның өмірін сақтап қалуда кәсібилік танытқан полиция қызметкерлерін өз құзыретінде көтермелейтінін айтып өтті. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері істің мән-жайы анықтауда.

 

Похожее