06.09.2019
Полиция қызметкерлеріне 8 жастағы екі қыз бала мен 9 жасар ұл бала Н. Назарбаев даңығылында орналасқан үйлерінен шығып ойнап жүріп, басқа жаққа адасып кеткендерін, бір-біріне көрші тұратындарын айтқан.
Тез арада Жедел басқару орталығының «102» арнасына қоңырау шалып, болған оқиғаны баяндап, ата-аналары хабарласқан жағдайда балалары дін аман екендігін және оларды өздерімен бірге стационарлы бекетке алып бара жатқандарын жеткізген.
Сол уақыт аралығында балаларын жоғалтқан ата-аналар да полицияға қоңырау шалып, 3 жасөспірімнің із-түссіз жоғалып кеткендігін хабарлаған. Полиция қызметкері ата-аналарының сипаттауы бойынша жоғалған бүлдіршіндердің амандығын айтып, олардың станционарлы бекетте қауіпсіз жерде отырғандарын айтады.
Қуанышты хабарды ести сала жан ұшыра жеткен ата-анасының қолына 3 жасөспірімді табыс еткен, взвод командирі Хамитов Ринат, полиция лейтенанттары Сейлханов Ренат пен Қасымханов Әли еді.
Ал бүлдіршіндердің ата-аналары полиция қызметкерлеріне айтар алғыстары шексіз екенін Полиция Департаменті басшысының атына хат жолдау арқылы білдірді.
Осыған орай, полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларына деген жауапкершілік пен бақылауды күшейтуді, олардың қауіпсіздігіне жауапты екендерін ескертеді.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...