01.03.2019
2018 жылдың желтоқсан айынан бастап 2019 жылдың ақпан айына дейінгі аралықта бір ғана азаматшаның арбауына түскен Өскемен қаласының бірнеше тұрғындары полиция бөліміне жүгінген.
Тергеу амалдарын жүргізу барысында, 2018 жылдың қазан айында 30 жас шамасындағы азаматша қаламызда орналасқан балабақшалардың бірінде қызмет атқаратын азаматшамен танысып, оған өзінің қаладағы бір банкте қызмет атқаратын танысы барын айтып, ол жоғары несиені төмен пайызбен алып беретенін және де Қазақстан Республикасының банктерінде қара тізімде тұрған тұлғаларға да несие алу мүмкіндігі барын айтып сендіргені анық болды. Алайда, несие алу үшін несие комиссиясына алдын ала ақша беру керектігін алға тартқан. Ақшалай қаражатқа қысылып жүрген азаматша жолдасының атына несие рәсімдемек болады. Арам ойын жүзеге асыру мақсатында алаяқ әйел оған көбірек клиент тауып берсе оның жолдасының атына рәсімдейтін несиенің пайызын төмендетіп беретінін де айтқан. Бұл жайында аталған азаматша өзінің туыстарына, әріптестеріне айтып оларды да шақырады. Барлығы төмен пайызды несие алмақ болып алаяқ әйелге несие комиссиясын төлейтін өздерінің жиған терген ақшаларын беріп, алаяқтың құрбанына айналады. Жалпы шығын көлемі 1 500 000 теңгені құрайды.
Азаматтардың алаяққа қатысты шағымын қабылдаған тәртіп сақшылары дереу іске кірісіп, күдіктіні қолға түсіреді. Күдіктіге қатысты тергеу амалдары басталып, жағдайдың анық-қанығы анықталуда.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...