Алаяқтық

02.04.2019

Алаяқтық дегеніміз – бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену немесе өз мүлкіндей пайдалану құқына заңсыз иемдену болып табылады. Ол үшін қылмыскер алдау-арбау амалдарын қолданады немесе басқаның сеніміне кіріп алып, қастық жасайды.

азіргі заман қасіреті-алаяқтық десек артық айтпаған болар едік. Өйткені қаскөйлердің алдауына ұшырап, қолдағы барынан айырылып, бармағын тістеп қалғандар қаншама. Ондай құрбандар қолдан келер басқа амалдары қалмағаннан кейін құқық қорғау органдарына жүгінеді.

Өткен жылдың сәуір айы мен тамыз айы аралығында «Н» есімді азаматша бірнеше жанды қармағына түсіріп, арбауына айналдырды. Олай дейтініміз, біреуге «көп мөлшерде несие алып беремін, сол соманың 10 пайызын бересің» десе, енді біреуге «пәтер алуға көмектесемін, пәтер бағасының 10 пайызын маған төлейсің» деген сынды желеумен өзінің арам ойын іске асырған. Жалған құжаттарын көрсетіп, өзінің талап еткен сомасын алғаннан кейін алаяқ ізін жасырған.

  • Оңай жолмен ақша тапқысы келген азаматша жалған құжат жасау арқылы алаяқтық әрекетке бой алдырған. Мәселен, 1975 жылы туылған азаматшаға 12 миллион тенге мөлшерінде банктен несие алып беремін деп келісім жасасып, ол соманың пайызы ретінде 2 жарым миллион сұраған. Қалаған ақшаны алғаннан кейін, несиенің белгілі бір уақытта қолға тиетінін айтып, жәбірленушінің қолына жалған құжаттар берген. Осындай жолмен алаяқ азаматша бірнеше қала тұрғынын алдаған. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде,-деді Өскемен қаласының Полиция басқармасы тергеу бөлімінің бастығы Сергей Жандабеков.

Жалпы, алаяқтардың арбауына түсіп қалмаудың жолы қайсы? Ол үшін алдымен алаяқтық дегеннің не екенін түсініп алудан артықтығы жоқ. Қазақстанда алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген. Алаяқтық үшін берілетін ең жоғарғы жаза — бас бостандығынан 10 жылға дейін айыру.

 

Похожее