26.01.2019
Дөңгелек үстелге 27943, 64471 және 16968 әскери бөлімдерінің офицерлер мен мерзімді қызметтегі сарбаздар, келісімшарт бойынша әскери қызметшілері қатысып, Өскемен гарнизонының әскери полиция бөлімі әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Асхат Рамазанов әскери қызметтегі әкімшілік құқық бұзушылықтарға қарастырылған әкімшілік жауапкершіліктерді жеткізді.
Өскемен гарнизонының әскери полиция бөлімі анықтау және іздестіру бөлімшесінің аға офицер-уәкілі әділет лейтенанты Дидар Ибраев ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штаб бастығының
қызметтік уақыт регламентін сақтау туралы талаптарына тоқталып, Қазақстан Республикасы Қарулы күштердегі қызметке шықпау және бөлімді өз еркімен тастап кету фактілерін жеткізді.
Дөңгелек үстелге қатысқан әскери қызметшілер сұхбат барысында сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.
27943 әскери бөлімі ТжИЖБ аға офицері
(әскери тәртіп бойынша)
майор С.Қалдыбеков
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...