05.03.2019
Аман Мұқажан – Қазақстанның ең танымал зергерлерінің бірі, халықаралық «ЮНЕСКО» сапа белгісінің» иегері. Ресейлік әріптестер зергердің талантын К.Фаберже мемориалдық қорының М. Перхин Үлкен орденімен, «Бас шебер» атағы бар Ф.Бирмаум орденінің Құрмет белгісімен бағалады.
Аман Мұқажан 1953 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Аман Мұқажан 1987 жылы Алматы мемлекеттік театр және көркемөнер институтының сәндік-қолданбалы өнер факультетін, көркем металл бөлімін тәмамдаған. Аман Мұқажан республикалық және халықаралық көрме жобаларының тұрақты қатысушысы. 2010, 2011, 2014 жылдары «Шеврон» компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған қазақстандық «Шебер» қолөнершілер байқауының жеңімпазы.
Суретші-зергер қазақ өнерінің дәстүрлеріне сүйене отырып, жаңа пластикалық формаларды жасау бойынша табысты еңбек етеді, оның шығармалары айқын авторлық стильге ие. Оның әсемдеуі көлемдігімен және бөлшектерді мұқият өңдеуімен сипатталады. Суретші өз шығармашылығында ұлттық дәстүрлерге сілтеме жасайды.
А. Мұқажан туындыларын сатып алып, Сіз жоғарғы дәрежелі шебердің бірегей авторлық жұмысына ие боласыз. Шебердің «Дала аңызы» атты көрмесі жоғарғы сапалы кәсіби оқиға ретінде танылған.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...