10.07.2020
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында «Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады. Жергілікті билік тұрғындар үшін әрдайым ашық болуы тиіс» деп баса айтқан болатын.
Бұл міндетті орындаудың бір құралы ретінде «Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі» жүзеге асырылып, онда облыстар, астана және республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде бюджет жүйесінің ашықтығы, айқындығы мен есеп беру деңгейі өлшенуде.
Зерттеудің мақсаты – жергілікті деңгейде бюджет процесінің ашықтық деңгейін анықтау, сондай-ақ жұртшылықтың бюджет туралы ақпаратқа қол жеткізуін арттыру.
2019 жылғы Қазақстандағы жергілікті бюджеттердің ашықтық индексін анықтауға бағытталған зерттеудің нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысы жергілікті бюджеттердің ашықтығы бойынша көшбасшы деп танылды.
Бұл нәтижеге қол жеткізуге Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен, Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен енгізілген «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы елеулі үлес қосты.
Себебі, ашық бюджеттердің интерактивті картасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдары бюджеттерінің атқарылуы жарияланады. Сондай-ақ, интерактивті карта – азаматтардан түскен өтініштерді қабылдау және өңдеуге арналған алаң болып табылады. Ал картаның әлеуеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның міндеттеріне тиімді қол жеткізу мақсатында жүйенің жаңа мүмкіндіктерін әзірлеуді және енгізуді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Жалпы, "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" (Publicbudget.kz) – қоғамдық ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету, билік пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді диалог платформасын құру үшін құрылған ЕурАзЭҚ және ТМД елдері арасындағы бірегей жоба.
Жоба Шығыс Қазақстан облысында 2019 жылдың шілдесінен бастап іске асырылуда. Аталған картаның көмегімен шығысқазақстандықтар бюджеттік шығындар туралы бар мәліметті біле алады. Ол 24 сағат бойы қолжетімді, егер қандай да бір сәйкессіздіктер байқалса, кез келген адам тиісті суреттер мен бейнематериалдарды тіркей отырып, уәкілетті органға хабарлау мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, ресурс жұмсалған қаражатты автоматты түрде талдайды және ұқсас нысандармен салыстырады.
«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» әркім үшін түсінікті етіп жасалған. Бұрын бөлінген қаражат және жүргізілетін жұмыстардың техникалық сипаты, аяқталу мерзімі туралы ақпаратқа қол жеткізу қиын болса, енді мұның бәрі осы картада көрсетілген.
Жоба аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі арасында келісімге қол қойылды.
Облыстың барлық жергілікті атқарушы органдарында интерактивті картамен жұмыс істеу бойынша жауапты тұлғалар тағайындалып, карта жүйесінің деректер базасында барлық мемлекеттік мекемелер мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары тіркелген.
Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша ашық бюджеттердің интерактивті картасында 731,6 млрд.теңге сомасына 3481 бюджет жарияланды.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жүйелі жүргізіліп, азаматтардың мемлекеттік органдарға сенім деңгейін арттыруға зор мүмкіндік береді деп сенеміз.
Е.Н.Жалмағамбет
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
ШҚО бойынша Департаментінің басшысы
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...