Ата-аналар конференциясы өтті

02.03.2019

Ата-аналық міндеттерін орындауға саналы қатынасты қалыптастыру мақсатында Өскемен қаласы әкімдігінің КММ «№30 орта мектеп» қабырғасында ата-аналар қоғамының конференциясы өтті.

Қаланың психологиялық қызметі, «Шығыс Қазақстандық  «Альтернатива» медиация және құқық орталығы»,  облыстық наркологиялық диспансерінің, Шығыс Қазақстан облысының   қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мамандарының жалпы білім беру мекемесінің белсенді ата-аналарымен   «Жауапты ата-аналық: қақтығысты конструктивті шешу – бақытты отбасына апаратын жол» атты тақырыпты бірлесіп талқылады.

«Бақытты отбасы халықаралық орталығы» мен «Отбасы мен балалықты қолдау орталығының»  психологтары ата-аналардың назарын жасөспірімдердің жас және психологиялық ерекшеліктеріне аударды, сондай-ақ балалар мен ата-аналардың ішкі және өзара тұлғалық қақтығыстарды шешу жолдарын ұсынды. 

Сот және наркологиялық диспансердің қызметкерлері кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұқпаушылығына қарсы қылмыстардың  алдын алу, алкоголизм, темекі шегу, нашақорлық және балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу мәселелерін көтерді.

Конференция соңында  ата-аналар  активі баламен тіл табысу нысандары мәселелері жөнінде ата-аналарды  мағұлматтандыру және  кеңестік көмек көрсету бойынша әрі қарай бірлесіп жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылдады.

 

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Похожее