26.10.2018
Бүгінгі күні әсіресе ұйымдасқан ұжымдардағы балаларда ішекқұрт инвазиясының өсуі анықталған, балалар «дүниені ауыз арқылы танып біледі» емес пе, осылайша дәмін білу үшін әр затты аузына апару арқылы бір мезетте құрттардың бірнеше түрін жұқтырады.
Халықтың үштен бірінен астамы ішекқұрт, жершары халқының 80% аскаридоз және энтеробиозды жұқтырған, 10 оқушының 8-інде ішекқұрт инвазиясы бар. Ауырған балалардың әрбір үштен бірінде гельминтоздың нақты симптомдары бар, ал 2/3-де жасырын түрі анықталған.
Ішекқұрттардың ішінде ішек және ішектен тыс гельминттерін айыруға болады. Аты айтып тұрғандай, соңғысы ішектен тыс – бұлшықеттерде, өкпеде, бауырда өмір сүреді, әрі қан арқылы ағзаның кез келген бұрышына түсіп, сонда қоныс тебеді.
Гельминтоздарға аурудың жайлап дамуы тән, созылмалы барысы – бірнеше айдан көп жылдарға дейін барады.
Ауруларға жол беру керек пе? Адамның ағзасында «интервенттерді» үш сапты қорғаныс тосқауылы күтіп тұрады. Гельминттер бөтен әрекеттерге және олардың ішіндегі ең тұрақтысын жоюға өндірілетін антиденелер ауызда, арнайы ферменттердің әсерімен асқазанның ащы ортасында, ішекте өлуі мүмкін. Әлсіреген ағзада осы барлық тосқауылдар жұмыс атқармауы мүмкін, онда құрттар немесе олардың жұмыртқалары бәрібір ішекке түсіп, онда ауру туғызып, дами бастайды.
Тамақ ішу кезінде адам жұқтырады:
* дұрыс өңделмеген ет;
* зарарланған суды пайдалану;
* құрамында жұмыртқа немесе дернәсілдер бар шаңды жұту кезінде;
* айналасындағы заттармен байланысу жолымен;
* төсек жаймалары;
* ойыншықтар;
* асүй заттары.
Адамда жиі аскаридоз, энтеробиоз, трихинеллез, дифиллоботриоз, гименолепидоз анықталуы мүмкін.
Гельминттерді жұқтырғанда адам ағзасында тері бөртпелері, ісіну, қышыма сияқты аллергиялық реакциялар пайда болады. Шаршағандық артады, тәбет төмендейді немесе күшейеді, бас ауруы пайда болады. Балаларда ақыл-ой және дене дамуында баяулау байқалады. Ішектің жұмысы бұзылып, іш ауырып, іш өту, іш қату, лоқсу және құсу болады, дәрумендерді қорыту бұзылып, дисбактериоз пайда болуы мүмкін. Лимфалық түйіндер ұлғаяды, бұлшықет, буындардағы ауру жанға батады, температура көтеріледі, қан анамнезінде гиперэозинофилия болады. Созылмалы сатысында қаназдық, түнгі энурез, экзема, жүрек-тамыр жүйесінің, қан өндіретін мүшенің, жүйке жүйесі, асқазан-ішек жолының зақымдануы, астено-невротикалық синдром (бас айналу, тарту, мұрнын тарту) дамиды.
Ішекқұрт инвазиясы – бұл залалсыз ауру, асқынулар дамуы мүмкін:
* ішектің қынапталуы;
* ішек қабырғасының қозуы;
* өкпе артериясының эмболиясы (аскаридоз кезінде, ересек дарақтың тыныс алу жолына түсуі);
* перионалдық аумақтың (энтеробиоз кезінде) дерматиті;
* вульвит (қабыну) (қыздарда);
* соқырішек;
* цистит.
Құрттар пневмония, бронх демікпесі, миокард инфаргі және басқа асқынулардың себебі болуы мүмкін.
Жұқтыру туралы жиі жанама белгілер бойынша білуге болады. Егер де сіз баланың мінез-құлқында және көңіл-күйінде қандай да бір өзгерістерді байқасаңыз, міндетті түрде құрттарды анықтауға толық зертханалық тексеруден өту керек: құрт жұмыртқаларына нәжіс немесе бірнеше рет энтеробиозға қырынды тапсыру керек. Кез келген тірі ағзалар сияқты құрттар, дамудың белгілі бір кезеңінен өтеді: жастық шақ, жыныстық даму және кәрілік. Олардың жұмыртқасын табу үшін, олардың көбейетін сәтін (мысалы, острицалар түнде өмір сүреді, ал қырынды күндіз жасалады) ұстау қажет.
Гельминтоздың алдын алуға осы аурулардың таралуын болдырмайтын, қоздырғыштардан қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру, науқастарды анықтауға арналған іс-шаралар кешені, оларды емдеу және өмірін, тұрмыс және өндірісі жағдайларын қамтамасыз ету кіреді. Алдын алудың негізі саламатты өмір салтын қалыптастыру және ұстану болып табылады. Асқазан-ішек жолдары ауруларының саулығы және профилактикасы үшін дұрыс тамақтануды ұйымдастыру және тамақ әзірлеу кезінде санитариялық-эпидемиологиялық нормалар режимін сақтау болып табылады. Көкөністерді, жеміс жидектерді әбден жуу және ауыз суының сапасын қадағалау, су көздері құрамының дұрыс санитариялық жағдайда болуы керек. Үйде, балалар мекемелерінде санитариялық-гигиеналық ережелердің сақталуы аса маңызды. Әрбір баланың өзінің төсек жаймалары, сүлгісі, киімдері, жеке бас гигиена заттары және басқа да күнделікті тұрмыста керек-жарақтары болуы тиіс.
Үй жануарлары – ит, мысықтарға дұрыс күтім жасау, екпе және дегельминтизация жүргізу маңызды. Оның мәнісі – инвазия көзін залалсыздандыру және олардың берілуінің алдын алу.
Гельминтоздарды ерте және уақытында диагностикалау және емдеу, отбасының барлық мүшелерін, науқасты, мүмкін жануарларды тексеру қажет болады – бұл да профилактика үшін. Гельминттердің жұмыртқасы үлкейгенге дейін сыртқы ортада болады, мұнда инвазия ошағын ұстап, жиналады.
Қоршаған ортаны қорғау үлкен маңызға ие:
* нәжістерді зарарсыздандыру;
* ағынды сулар;
* жуылмағандар;
* қалдықтар;
* балалар болатын орындардардағы топырақты гельминт жұмыртқаларынан биологиялық және химиялық әдіспен зарарасыздандырып, тазалау.
«Өскемен қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КМК ұйымдасқан балалар бөлімінің аға мейіргері Исаенко Наталья Владимировна
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...