Бүгінгі күнде ғаламтор қазіргі адам өмірінің құрамдас бөлігі болып табылады.

25.02.2019

Ғаламтор желісі арқылы сатып алу жасап, жұмыс істеп, ойын ойнап және танысуға да болады. Күн өткен сайын зиянкестердің алдау әдістерінің арсеналы өсуде. Олар адамдардың сезімдерімен ойнап, қорқытуды қолданумен тез байып кетулерін пайдаланады. Бүгінгі танда ғаламтор арқылы алдаудың бірнеше түрі бар, бұл жағдайға біздің әрқайсысымыз тап болуымыз мүмкін.

"Hi-Tech" жедел алдын алу іс-шарасы барысында Өскемен қ. Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ШҚО ПД қызметкерлерімен бірге 2018 жылы жасалған ақпараттық жүйені пайдаланушыларға қатысты жалпы сомасы 500 000 теңгеден астам 14 интернет қылмысты ашты. Аляқтар түрлі қалалар мен облыстың тұрғындары болып шықты. Олар сылтауымен құндыз ішік сату, интимдік қызмет көрсету, пәтерді тәуліктік және ұзақ мерзімге жалға беру, ақша айналымын жасау және пайыздық үстемемен беру, автобөлшектер сату арқылы азаматтардан алдап және терминалдар («OLIMP. KZ», «Киви-кошелек», «Каспий Голд») арқылы алдын ала төлем аударып отырған. Бүгінгі күні алаяқтарға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 4-тармағы 2-бөлігінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Өскемен қаласының полиция қызметкерлері ғаламтор сайттары арқылы тауарларды сатып алу, пәтерлерді жалға алу кезінде немесе шотқа соманы енгізбестен бұрын сайттың беделіне өз назарын аудару, браузер терезесіндегі сілтемені мұқият зерделеу қажеттігі жөнінде (алаяқтар оны жиі қолдан жасайды) азаматтарды ескертеді.

 

Өскемен қ. ПБ баспасөз қызметі

Похожее