Билікке сұрақ бар ма? Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қоғамдық қабылдауына жүгініңіз!

03.10.2019

1331 телефоны бойынша, www.1331.kz сайты арқылы, Instagram (1331.kz.vko) арқылы, WhatsApp-қа +7-777-056-1331, +7-771-202-20-02 нөмірлері бойынша жазыңыз немесе Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1 мекен-жайына келіңіз.

 

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қоғамдық қабылдауы

 

2018 жылдың желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қоғамдық қабылдауы ашылды.

Қоғамдық қабылдау «бір терезе» қағидаты бойынша Шығыс Қазақстан облысы атқарушы билік органдарына ыңғайлы ұйымдастыру мақсатында құрылған, түрлі инстанцияларға баруды  жояды; мемлекеттік органдардың өтініштерін беру үдерісін жеделдету және жеңілдету, азаматтардың өтініштеріне жылдам әрекет ету жүйесін құру және жұртшылық тарапынан кері байланыс жасау есебінен жеке және заңды тұлғалардың уақыт пен қаржылық шығындарын қысқарту; мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты ақпарат берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.

Қоғамдық қабылдау әр түрлі көздерден түскен азаматтардың өтініштерін бірыңғай ақпараттық жүйеде жинақтайды.

1331 байланыс-орталығы (мамандарылған телефон желісі): 1331 төрт санды телефон нөмірі бойынша өтініш облысымыздың кез келген елді мекеніндегі стационарлық телефондарынан және ұялы телефондардан тегін қабылданады.

www.1331.kz порталы: өтініш «Өтініш беру» түймесі көмегімен беріледі.

Әлеуметтік желілер: Қоғамдық қабылдау бөлмесі келесі әлеуметтік желілерде жеке парақшалары бар – Instagram (1331.kz.vko).

Ұялы қосымшалар: өтінішті сондай ақ +7-777-056-1331 және                               +7-771-202-20-02 нөмірлеріне орнатылған WhatsApp ұялы қосымшасы арқылы беруге болады.

«Digital East» ұялы қосымшасы: Авторизациялау телефон нөмірі арқылы жүзеге асады.

Жеке қабылдау: кеңес алуға немесе әкімдікке, облыстық басқармаларға сұрақ қою үшін Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 59/1 мекен жайы бойынша Қоғамдық қабылдау бөлмесінің фронт-кеңсесіне келуге болады.

Жазбаша өтініш: Өскемен қаласы, 070004, Қазақстан көшесі 59/1 мекен жайы бойынша жіберіледі.

Ақпараттық жүйелер: Семей қаласы әкімі аппаратының «Бақылау» АЖ, ШҚО әкімдігінің «Электрондық қызметтер орталығы», Денсаулық сақтау басқармасының call-center, (виртуалды қабылдау бөлмесі).

Похожее