10.01.2019
Білім саласында 1987 жылдан бастап жұмыс істейді. Еңбек жолын Марқакөл ауданының Алексеевка ауылында мұғалім болып бастаған. Өскемен қаласының №40 орта мектебінде қазақ тілі пәнінен сабақ берді. Айта кету керек, техникалық және кәсіптік білім беру саласында да әдістемелік және білім беру тәжірибесі бар. 2011 жылдың желтоқсанынан бастап осы күнге дейін Шығыс Қазақстан өңірлік "Дарын" ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры лауазымында еңбек етті.
Қала әкімі жаңа басшыны таныстыра отырып, Өскеменнің білім беру жүйесін дамытудағы маңызды бағыттарды атап өтті. Алда тұрған негізгі міндеттер – ол бала-бақшалардың санын көбейту, білім сапасын арттыру, оқу орындарын жөндеу және олардың санын арттыру. Білім бөлім басшысының лауазымы бір жарым жылдай бос болағанын атап айту керек.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...