Департамент Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Водоканал» ШЖҚ МКК бірлесе отырып пресс-тур өткізді

12.10.2018

2018 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Водоканал» ШЖҚ МКК (бұдан әрі – Кәсіпорын) бірлесе отырып пресс-тур өткізді.

         «Өскемен Водоканал» ШЖҚ МКК алдағы 2018-2019 жылдардағы жылыту маусымына толық көлемде дайындалды.

         Пресс-тур қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерімен бірге сумен жабдықтау жүйелерін қайта құру жұмыстары жүргізілген Әуежай, ҚМК аудандары, Өскемен қаласының Ново – Троицкое ауылының объектілеріне  шығу ұйымдастырылды. Сондай-ақ пресс-тур қатысушылары «Октябрьский» Су құбырына  және тазарту құрылғыларына барды.

         «Октябрьский» Су құбырын қайта құру

         «Октябрьский» Су құбыры 1958 жылы пайдалануға берілген. Қызмет көрсетілетін халықтың саны – 45000 адам. Қайт құрғаннан кейінгі су құбырының қуаты – 26 500 м3/тәул., бүгінгі таңға нақты өндірушылык – 24 000 м3/тәул. «Октябрьский» Су құбырының жұмысы автоматтық режимде  ОДЖ пультіне басқаруды интеграциялаумен қарастырылған.

         «Ылғалды бөгеу» технологиясы

         Өскемен қаласында жазда  жағымсыз иістердің негізгі көзі тазарту құрылғылардың  лай қартасы болып табылады.

1,2 ш.м орналасқан ауданда 2018 жылғы 31 мамырдан бастап өзінің жұмысында «Ылғалды бөгет» технологиясын пайдаланатын иістерді жоятын автономдық кешен пайдалануға жіберілді. Кешеннің құрылыман метеостанция, автоматты смеситель, жұмыс ерітіндісін беру станциясы және 92 форсункасы бар құбыр, ол арқылы ауданда қалыптасқан лайды жою жүзеге асырылады. Станцияның автоматтық режимде жұмысын реттеу басқару блогымен жүзеге асырылады, ол желдің бағыты мен күшін ескере отырып, суарудың бағыты мен ұзақтығын береді, ол қымбат концентратты тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

 

Похожее