28.11.2019
Қазіргі таңда елімізде жаңа қоғамның талаптарына сай кешенді де жүйелі түрде мемлекеттік тіл саясаты жүргізіліп отыр. Тіл саясаты ‑ мемлекеттік саясат, ол егеменді еліміздің демографиялық әрі саяси ахуалының қалыптылығын қамтамасыз ететін ықпалды күш. Алайда мемлекеттік тіліміздің жай-күйі баяғыша жетім баладай есіктен сығалап, өз төріне емін - еркін өте алмай, әлі де аяғына жем түскен аттай кібіртіктей басып келеді.
Бұл ретте, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы»деген болатын.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында: "Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек» деген салиқалы ұраны қазақ тілін Қазақстан халықтарының басын біріктіруіне ұйытқы болуын уағыздап отыр.
Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдері және атқарушы органдары мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға, Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауда.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі.
Тіл туралы Заңның 4-бабында «Мемлекеттік тіл - қазақ тілі мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» делінген.
Алайда мемлекеттік тіліміздің өз деңгейіне көтерілуінің ауылы әлі алыс, оның көкжиегі асыл армандай мұнарланып қана көрінеді. Әсіресе, мемлекеттік тілдің сот жүйесінде, мемлекеттік мекемелерде қолданылуы қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Елбасымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы үстіміздегі жылғы халыққа жолдауында: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Сондай-ақ, тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн" деген болатын.
Ата заңымыз айқындап берген мемлекеттік тілді бүкіл ел болып қолға алып, бірлесе отырып, тіл мәселесін бар ықыласымызбен қабылдап, оны іске асыруға барынша үлесімізді қосуымыз қажет деп есептеймін. Себебі, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қастерлеп, қоғамдағы бүкіл қатынаста қолдану ‑ Қазақстанның барша азаматтарының парызы.
Өскемен қаласының №2 сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы Шынар Молдаева
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...