Электрондық қызмет алу бойынша өзіне-өзі қызмет ету бұрыштарының жұмыс істеуі туралы ақпарат

17.10.2018

Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін электрондық форматта және электрондық цифрлық қолтаңбамен электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы алуа болады.

         Мемлекеттік қызметті электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы алу үшін келесі құжаттар қажет:

  • көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
  • отбасының табысын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
  • жұмыс орнынан немесе жұмыссыз ретінде тіркелуі туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;
  • балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
  • банктік шоттың электрондық көшірмесі;
  • тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттардың электрондық көшірмесі;
  • коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттардың электрондық көшірмесі;
  • телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың электрондық көшірмесі.

Қалада келесі мекенжайлар бойынша өзіне-өзі қызмет ету бұрыштары жұмыс істейді, бұл жерде қызметті электрондық форматта алуа болады. 

 

Мекеменің аты

Орналасқан жері

Қалалық орталық кітапханасы

Славский атындағы жағалау, 22

Балалар орталық кітапханасы

М.Горький к-сі, 54

кітапхана филиалы № 1

Сәтпаев даңылы, 14

кітапхана филиалы № 2

Гагарин Бульвары, 24

кітапхана филиалы № 3

Геологический к-сі, 24

кітапхана филиалы № 4

Металлургов к-сі, 13

кітапхана филиалы № 5

Севостопольская к-сі, 16/1

кітапхана филиалы № 6

Островский к-сі, 8

кітапхана филиалы № 7

Бажова к-сі, 343/3

кітапхана филиалы № 8

Егорова к-сі, 12

кітапхана филиалы № 9

Сәтпаев даңылы, 16/2

кітапхана филиалы № 10

М.Горький к-сі, 11 а

кітапхана филиалы № 11

Косарев к-сі, 34

кітапхана филиалы № 12

Садовая к-сі, 15

Похожее