Фестиваль соңында балаларды тамаша ватрушкалар, хош иісті дәмді тоқаштар күтеді.

16.10.2018

Нан – әлемде ең ерекше көп таралған өнімдердің бірі, нансыз біздің өмірімізді елестету қиын. Сондықтан, жыл сайын 16 қазанда Дүниежүзілік нан күні аталып өтілетіні таңқаларлық емес.

Дәл осы күні Шығыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы өз оқырмандарымен «Просто добрый хлеб» атты фестиваль өткізеді. Қазақтың бауырсағы, орыстың каравайы, белорустың наны, корейдің чимпениі, Кавказдың лавашы тіпті итальяндық пицца біздің кітапханада өтетін - фестивальда бірігеді!

Шара концерттік нөмірлермен, ертегі кейіпкерлерінің театрландырылған қойылымымен басталатын болады, онда Бауырсақ балаларды қызықты және танымдық алаңдардан тұратын мерекелік бағыт бойынша алып жүреді.

«Хлебное ассорти» алаңында этномәдени орталықтардың өкілдері балаларды өз халқының наубайханалық дәстүрлерімен таныстырады.

Фестиваль қатысушыларына арналған аспаздық авторлық сабақтарды «Мукосольная мастерская» алаңында әлемге танымал итальяндық тағам дайындау бойынша шеберлік-сыныптарын өткізетін «Пицца Блюз» және «Додо Пицца» шеберлері көрсетеді.  Мұнда сондай-ақ балалар мен ересектерге арналған тұзды қамырдан бұйымдар жасау бойынша шеберлік сыныптары өтеді.

«Каравайные забавы» аймағындағы қызықты ойындар қатысушыларға қосымша күш-қуат береді.

«Слово о хлебе» көрмесі балалардың назарын әр түрлі дәнді дақылдардан дайындалатын нан, тоқаш өнімдерінің түрлері туралы кітапхана қорынан алынған кітаптарға аударуға көмектеседі.

Арнаулы құралдармен жабдықталған «Кулинарная книга» алаңында қатысушылар өзара сүйікті тағамдарының рецептерімен бөліседі.

Фестивальдың басты алаңдарының бірі – сурет алаңы табиғи материалдарды пайдалану арқылы безендірілетін болады.

Фестиваль соңында балаларды тамаша ватрушкалар, хош иісті дәмді тоқаштар күтеді.

Бұл балаларға арналған тәтті сыйлықтарды «Алта» ЖШС, «Roj Helat» ЖШС, «Хлебозавод Каравай» ЖШС, «Камышинское» шаруа қожалығы сияқты демеушілеріміз тарту ететін болады.

Барлықтарыңызды бүкілхалықтық мерекеге қатысуға шақырамыз. Бұл мереке қатысушыларды қасиетті нанға деген қастерлі көзқарасты қалыптастыруға тәриелеуі сөзсіз.

Іс-шараның медиа міндеті: жас ұрпақты адамгершілік құндылықтарды ардақтауға, нанға ұқыпты қарауға, оны өсіру мен өндіруге қатысатын адамдардың еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Похожее