Грузия Республикасының дәрігерлері Өскеменде шеберлік сыныптарын өткізді

18.11.2018

Облыстық "Ана мен бала орталығы" МКК Грузия елінің жетекші дәрігерлері келді.

Дәрігерлер қатарында "Gagua Clinic"және "Kuzanovclinic" клиникаларының эндоскопиялық хирургия бөлімінің меңгерушісі - Бека Метрели, медициналық қызмет сапасын басқару бөлімінің жетекшісі - Акаки Бакрадзе, Әулие Иоаким және Анна атындағы медициналық орталықтың директоры - Вепхия Одишария және Грузия елінің Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік мәселелер Министрлігінің сарапшысы - Нино Тотадзе болды.

Вепхия Одишария облыс басшылығына халықаралық тәжірибе алмасу арқылы медицина мамандарының біліктілігін арттыру және дамытуда жүргізіліп жатқан жұмыстар үшін алғысын білдірді.
"Грузия ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу үшін әрқашан дайын" - деп Одишария мырза өз сөзін аяқтады.
Шеберлік сыныптар мен дәрістердің қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды. Ана мен бала орталығының директоры Ермек Омарбеков: "Осындай тәжірибе алмасу жұмыстары әсіресе аудандық дәрігерлер үшін өте пайдалы. Қараша айының соңында біз Израильден арнайы келетін әріптестерімізді күтудеміз. Дәл қазір екі ел мамандарының қатысуымен тәжірибе алмасу үшін бірлескен лаброскопиялық операциясы жүргізілуде" деп хабарлады.

Похожее