Хоум Кредит Банкі жастар мен балалардың қаржылық сауаттылығын арттыратын апталықты бастады

05.04.2017

Әр бала келешекте ақшаны тиімді және дұрыс пайдалана білу қабілетін бүгіннен бастап шыңдауы қажет, деп санайды банк қызметкерлері.

Мектеп оқушыларын ақшаны үнемдеу арқылы, армандарға қол жеткізуге болатындығына үйретуді Қазақстанда осымен төртінші жыл қатарынан Банк Хоум Кредит өз мойнына жүктеген, деп хабарлайды 16news.kz сайты тілшісі.

Банк менеджерлері көптеген ата-аналардың «балам ақша санауды уақыты келгенде үйреніп алады» деген қағиданың мүлдем қате екендігін айтады. Әр бала келешекте ақшаны тиімді және дұрыс пайдалана білу қабілетін бүгіннен бастап шыңдауы қажет, деп санайды банк қызметкерлері.

««Global Money Week» — бұл балалар мен жастар арасында қаржы сауаттылығын арттыру жөніндегі әлемдік апталық. Аталмыш банк, яғни Хоум Кредит банкі осымен тқртінші жыл қатарынан жас жеткіншіктердің,  жастардың ортасында қаржылық сауаттылықты арттыруға белсене үлес қосып отырған Қазақстандағы жалғыз екінші деңгейлі банкі болып табылады. Осы апталық аясында біз Өскеменде бірқатар мектептерді қамтуды көздеп отырмыз. Айтпақшы, биыл алғаш рет дәрістерді қазақ тілінде де жүргізудеміз», — дейді Банк Хоум Кредит менеджері Қуаныш Кеңесханов.

Апталықтың шымылдығы Өскемендегі А. Байтұрсынов атындағы №20-шы орта мектепте ашылды. Үнемдеу арқылы, арманындағы ойыншықты немесе қажетті затын сатып алуға болатындығын оқушылар үлкен қызығушылықпен тыңдады. Оқу ордасының кітапханасына банк менеджерлері «Қаржы әлеміне саяхат» атты кітапты сыйға тартты.

«Қаржы сауаттылығы апталығы – 2017» шеңберінде Банк Хоум Кредит Қазақстанның барлық ірі қалаларындағы мектептер мен колледждерде семинарларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Апталық 4-9 сәуір аралығында еліміздің Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Жезказған, Карағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавловск, Семей, Талдықорган, Тараз, Орал, Өскемен және  Шымкент қалаларында өтеді. Шара 5-8 сынып оқушыларын қамтиды.

Фото:16news.kz

Похожее