III Қысқы қайырымдылық балы

11.02.2019

Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі III Қысқы қайырымдылық балын 8 ақпан күні Неке сарайында өткізді.

Дәстүрлі іс-шара сал ауруына шалдыққан балаларға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Мектеп мұғалімдері,  қызметкерлері  мен оқушылардың ата-аналарының қайырымдылық қаржысына   арнайы мүгедектерге арналған арбалар алынды.

Бекжан (2010), Татьяна (2002), Диас (2009), Айзар (2010)  және  Нариманға (2013) жүріп-тұру құралдарымен қоса сыйлықтар мен жемістер табыс етілді.

         Іс-шара кезінде «Полонез», «Таныстық полькасы», «Вальс», «Француз кадрилі», «QUICK–step»  билері орындалып,   «Ақ көгершін», «Вальс» және «Grand amore» әндері шырқалды. Мектеп оқушыларының достары Айзар Айдос пен Игорь Александров бал өткізуге алғаш рет қатысты. Айзар жетінші сынып оқушыларының вокалдық тобымен  бірге ән шырқаса,  Игорь Александров  мүгедектерге арналған арбада би биледі.

–  Мұқтаж адамдарға көмек беру -  ерекше әдемі игі  іс. 2015 жылы мұқтаж балаларды  мүгедектерге арналған арбамен  қамтамасыз ету үлкен мәселе екенін білгеннен бастап мұғалімдер мен оқушылардың күшімен бал ұйымдастырамыз және нақты адамдарға көмектесеміз. Мұндай іс-шаралар  оқушылардың бойында адами құндылықтарды нығайтуға көмектеседі, сондай-ақ жан тазалығы мен мейірімділік дарытады,–  дейді мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұхтарханова Гүлшат Тоқтасынқызы.

Похожее