Коммуналдық қызметтерді жеткізушілер есеп берді

10.11.2018

Қоғамдық тыңдау барысында Өскемен қаласының су, электр және жылумен жабдықтау кәсіпорындарының басшылары желілердің дамуы және соңғы үш жылда инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы баяндады.

Тұрғындар алдында "Өскемен Водоканал" МКК, "ШҚ АЭК" АҚ және "УК ТС" АҚ кәсіпорындарының басшылары есеп берді. Іс-шара барысында кәсіпорындардың алдағы жоспарлары, маңызды жобалары, жаңа технологияларды енгізу үрдісі талқыланды.

"Өскемен Водоканал" мекемесінде 2010 жылдан бастап сумен жабдықтау желілерінің өсімі 81 пайызды құрады.
Жылу беру ұйымдары есептеу құралдарын енгізілгенен кейін, көрсетілетін қызметтер құнының төмендегенін жеткізді.
"ШҚ АЭК" АҚ өкілдері электр беру желілерін жабдықтау жағдайы туралы ақпаратты ұсынды. Қазіргі уақытта қуаты 35 киловатт және одан жоғары қуатты трансформаторлардың жалпы саны 467 құрайды. Олардың 53 пайызы 30 жылдан астам пайдалануда.

Похожее