Латынға көшу

23.01.2019

Өскемен қаласының №2 сотында қазақ тілінен латын әліпбиіне көшу туралы сұрақтар талқыланды.

Семинарды өткізу барысында өз баяндамасында сот кеңсесінің меңгерушісі Салтанат Жортбасова «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы Жарлығы шыққандығы туралы хабарлады. Заңмен 19 ақпан 2018 жылы  аталған Жарлыққа өзгерістер енгізілді.

 « Елбасымен жаңа әліпби, сонымен қатар осы бағдар бойынша 2025 жылға дейін кең көлемді іс шаралар бекітілді. Бұл дегеніміз, 2025 жылға қарай іс қағаздар, мерзімді баспасөздер, оқулықтар, бәрі де латын әліпбиімен шығарылатынын – С. Жортбасова атап айтты.

Түсіндіру жұмыстарынан кейін сот мамандары жаңа латын графикасы негізінде қазақ әліпбиімен танысты.

Шараны аяқтау барысында қатысушылар пікірлермен бөлісті.

 

Өскемен қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.

Похожее