Маховка және Жуковский бұлақтарын көктемгі кезеңге дайындау жұмыстары жүргізілуде

18.11.2018

Согра кентінің тұрғын ауданымен өтетін Маховка өзенінің үлкен бөлігі жыл сайын су тасқынының негізгі себебі болатын.

Биылғы жылы аталған мәселені шешуге күрделі жұмыстар жүргізіліп, су тасқынына қарсы іс-шараларға қалалық бюджеттен 30 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Бүгінгі күні арнаны күрделі тереңдету жұмыстары жалғасуда. "Өскемен Тәртіп" МКК қызметкерлері 850 метрге жуық арнаны тазалады. Бұлақтар үш-бес метрге дейін кеңейтіліп, орта есеппен 70 сантиметрге тереңдетіледі. Жұмысты толық аяқтау екі апта ішінде жоспарланып отыр. Аталған шаралар Жуков арнасында да жүргізілді. Бұлақтарға ұзындығы 650 метр және тереңдігі 1,5 метр жаңа арна салынды. Енді су "Буревестник" бау-бақша серіктестігін айналып өтетін болады.

Похожее