Майлы бауыр ауруы

04.04.2019

Алкогольсіз майлы бауыр ауруы (АМБА) бұл термин бірқатар жағдайларды белгілеу үшін, бауырда майдың жиналуынан туындаған. Майлы бауыр ауруы, артық дене салмағының және семіздікке шалдыққан адамдарда кездеседі. Алкогольсіз майлы бауыр ауруының немесе, майлы бауыр ауруының морфологиялық формаларның негізгі төрт деңгейін айыра алу қажет: стеатоз, стеатгепатит, фиброз и цирроз.

Дені сау бауырда майдың мөлшері аз болуы қажет, немесе мүлдем болмайды. Қалыпты жағдайда бауырда  шамамен 5% май болуы қажет.  Сарапшылар дамыған мемелкеттерде әрбір үшінші адам майлы бауыр ауруының ерте сатысына шалдыққан, яғни бауырда майдың аздаған мөлшері анықталған.

АМБА-ның алғашқы деңгейі адамдың денсаулығына еш қауіп төндірмейді, алайда майлы бауыр ауруы нашарласа, ол бауыр циррозымен бірге бауырдың ауыр бұзылуына алып келеді. Бауырда жоғарғы пайызды майдың деңгейі көтерілсе, денсаулығыңыз бұзылып, қант диабеті және жүрек-қант тамырларының ауруыларымен қоса инсультке әкеліп соғады.

АМБА-ның бірінші деңгейінде көпшілік адамдар  денсаулығында ауытқулар барын сезіктенбейді. Алкогольсіз майлы бауыр ауруы анықталмаған болса немесе оның белгілері уақытылы жойылмаса аздаған мөлшерде күшейіп, аяғында бауырдың бұзылуына әкеліп соғады.

АМБА-нің негізгі деңгейлері:

Стеатоз (гепатоз, бауыр клеткаларында майдың  қоры жиналады) айтарлықтай деңгейде бауыр клеткаларында қауіпсіз майлар жиналады да, ол басқада себептермен жасалған зерттеу жұмыстарында анықталады.

Алькогольсізстеатогепатит – майлы бауыр ауруының тым ауыр формасы, бұл жағдайда бауыр қабынып; сарапшылардың зерттемелері бойынша алкогольсізстеатогепатит дамыған мемелкеттердің 5%  тұрғындарына әсер етеді.

Фиброз – тұрақты қабыну бауыр және бауырға жақын жатқан қан тамырлары  тінілерінің айналасында тыртықшалардың пайда болуына әкеліп соғады, бірақ бауыр өзінің жұмысын тоқтатпайды.

Бауыр циррозы – ең ауыр деңгейі, бауыр тінілерінің және тамырлардың құрылымдары өзгереді, бауыр клеткаларының қызмет көрсету мөлшері азайып, қосымша тінілерінің өсіп, түйіндерінің регенерациясы пайда болады; бұл бауырдың әрдайым зақынданып, бауырдың жетіспеушілігіне (бауыр қажетті жұмысын дұрыс орындайды) және бауыр обырына әкеліп соғады.

Бауыр фиброзы мен циррозының емделуі бір жыл – кей жағдайда оданда көп уақыт алуы мүмкін. Бауыр жағдайы мен ауырлығының үдемеуі үшін – міндетті түрде салауатты өмір салтын өзгерту керек.

Маған  майлы бауыр ауруы  төне ме?

Алкогольсіз майлы бауыр ауыруына  шалдыққан болсаңыз, егер сіз семіздікке немесе артық салмақ болса, әсіресе бөксеңіздің айналасында көп май жиналған болса

  • 2-типті қант диабеті
  • жоғары қан қысым
  • хлестериннің жоғарғы деңгейі
  • 50 жастан асқан болсаңыз
  • темекі шегетін болсаңыз.

Алайда, кей жағдайда алкогольсіз майлы бауыр ауруы қандайда бір қауіп төндіруінсіз кейбір адамдарда  белгіленбейді, соның ішінде жас балаларда!

Алкогольсіз майлы бауыр ауруы алкогольмен байланысты емес  бауыр ауруына ұқсайды, АМБА көп мөлшерде ішімдік ішкеннен болмайды.

Алкогольсіз майлы бауыр ауруының белгілері:

Адамдар АМБА-нің алғашқы сатысында  қандайда бір белгілерін елеп-ескермейді. Көп жағдайда алкогольсіз майлы бауыр ауыруы басқа да себептермен  зерттеулер жүргізілген  кезде ғана айқындалады.

Кей жағдайда аурудың ең ақырғы сатысы кезінде келесі белгілер болуы мүмкін:

  • Қарынның жоғарғы оң жақ бұрышында (қабырғаның төменгі оң жақ бөлігінде) өткір немесе сыздап  ауырады.
  • Шаршау (шаршағыштық)
  • Түсініксіз жағдайда салмақтың түсуі
  • Әлсіздік

Алкогольсіз майлы бауыр ауруы  және  пайдалы  тамақтану

Салауатты өмір салты, оның ішінде дұрыс тамақтану, бұл негізінен майлы бауыр ауруының белгілерін басқару.  Міне мыналар көмектеседі:

  • Арықтау – сіз дене салмағының индексіне 18.5-24.9 құлшынуыңыз керек; өзіңіздің ДСИ-ді санау үшін ДСИ калькуляторын қолданыңыз. Өзіңіздің 10%-дан жоғары дене салмағыңыздан айырылсаңыз, бауырдағы майдың мөлшерін азайтасыз, сізде майлы бауыр ауруы болса, оны «емдейсіз».
  • Пайдалы тамақ жеңіз – құрамында жоғары деңгейлі жеміс-жидек, ақуыз, көмірсуға бай, бірақ майлылығы, қант пен тұзы аз үйлестірілген тамақтану рационын қалыптастырыңыз.  Тамақ порциясын  азайтыңыз  бұл – сізге көмектеседі.
  • Үнемі дене шынықтырумен айналысыңыз – жұмасына 150 минуттан дене шынықтырумен айналысуға тырысыңыз, біркелкі қарқындылық жаттығуларды қолданыңыз, олар: жүру, велосипедпен жүру, жүзу. Егер сіз дене салмағын жоғалтпасаңыз да, майлы бауыр ауыруына оң әсер етесіз.
  • Шылым шегуді тастау – егер сіз темекі шегетін болсаңыз, темекіден бас тартсаңыз проблемалардың, яғни инфаркт пен инсульттің болу қауіпін азайтуға көсмектесесіз.
  • АМБА ішімдіктен болған ауру емес, бірақ ішімдік ішу арқылы аурудың жағдайын нашарлатасыз. Сол себептен ішімдік ішуді азайтыңыз немесе тоқтатсаңыз жақсы.

 

«Амбулаториялық орталық» мекемесі Дәрігер гастроэнтеролог: Кравцова Елена Викторовна

Похожее