Мемлекет басшысының жолдауын талқылады.

09.10.2018

Өскемен қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын жедел кеңесте талқылады.

        Сот төраға м.а. А.Исахан қатысып отырғандарды жыл сайынғы Жолдаумен таныстырып, ондағы сот жүйесінің алдында келесі міндер қойылғандығын атап өтті: Сот жұмысының заманауи форматтарын және озық электронды сервистер енгізуді жалғастырған жөн, сот жүйесінің сапалы дамуын және кадрларының жаңаруын қамтамасыз етіп, үздік заңгерлер судья болуға ұмтылатындай жағдай жасау керек екендігін, әсіресе бизнес пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы сот арқылы шешілетін дау-дамайды қарау кезінде түсінікті әрі болжамды сот тәжірибесі керек, сондай-ақ судьяларға заңсыз ықпал ету мүмкіндіктерін жою қажет.

         Шара аяқталу барысында пікірлер алмасуы болды.

        

 

Похожее