Микроспория

26.02.2019

Микроспория –дене мен шаш терісін зақымдайтын грибокты аурушаңдық. Сыртқы белгілеріне қарай микроспорияны темір еткі деп айтады.

Микроспориямен әдетте,мысық және оның төлі ауырады. Адамдар бұл аурушаңдықты үй жануарлары мен қараусыз жүрген жануарлар арқылы жұқтырады. Бұндай жағдайда, қоздырғышты люминесцнтті зерттеу арқылы анықтауға болады. Микроспориямен көп жағдайдарда, қарапайым жеке бас гигиенасын сақтамаған жағдайда, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар ауырады. Өскемен қаласы аумағында эхинококк аурушаңдығы бойынша жыл сайын жағдайлар тіркеледі, 2018 жылы 54  жағдай тіркелген, 2017 жылдың іспеттес кезеңімен салыстырғанда бір деңгейде. 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурушаңдыққа шалдыққандар 32 жағдай тіркелген. Ересектер арасында  22 жағдай тіркелген. Жұқтыру орны Өскемен қаласы, аурушаңдық ошағы қаңғыбас иттер және мысықтар.

Микроспорияның қоздырғышы сыртқы ортаға төзімді келеді. Шашта, жүн арасында, балалардың құм ойнағышында, подъездің шаңында, жертөле мен шатырда бірнеше жыл бойы өмір белсенділігін сақтай алады. 25 градус аязға, қатты ыстыққа, кептіруғе төзімді болып келеді және науқас адам болған бөлмеде айлар бойы сақталады.

Терінің микроспориясы кезінде әртүрлі көлемдегі, шеті белгіленген қабыршықты қызғылт түсті дақтар пайда болады. Мұндай дақтар мойынға, иыққа, бүкіл денеге шығады.

Шаш терісінің микроспориясы кезінде шеңбер тәріздес дақтар пайда болады. Дақтың шеттері айрықша сызықпен айқындалып тұрады. Бас терісі қабыршықтанады, шаш тері деңгейінен 3-8 ммотқа түсе бастайды.

Микроспориямен науқастанған адамдарды дермотолог дәрігердің бақылауында стационарлық жағдайда емдеу қажет. Микроспориямен ауырған балалар бала-бақшаға, мектепке баруға рұқсат етілмейді. Ересек адамдар жұмыстан босатылады.

Микроспориядан кейін адамның иммунитеті әлісірейді. Бала ауру жануардан микроспорияны жұқтыруы мүмкін.

Теріде қандай да бір өзгерісті байқаған жағдайда міндетті түрде дкрматолог дәрігерге қаралу қажет.

Микропориядан сақтану жолдары:

  • -жануарлармен серуенге шыққан соң, қолды мұқият жуу;
  • -иесіз жануарларды ұстауға болмайды;
  • -үй жануарларын ұстау кезінде гигиена ережелерін қатаң ұстану қажет;
  • -үйде жануарды ұстар алдында ветеринар дәрігерге тексерту қажет;
  • -егер жануарыңыз ауырған жағдайда, ветеринарға қарату қажет, өлген жануарды далаға тастамау керек.

 

 

Похожее