03.11.2018
Бұл іс-шараға Тарбағатай, Күршім, Шемонаиха, Катонқарағай, Зырян, Ұлан, Глубокое, Риддер және облыс орталығынан 139 химия, биология, математика, информатика, физика, география, тарих, қазақ тілі және дене шынықтыру пәндерінің оқытушылары өз пәндеріне қатысты ашық сабақтарға және шеберлік сыныптарға қатысты. Нәтижесінде, көптеген қатысушылардың берген кері байланысынан бұл іс-шара қызықты да пайдалы болғанын көруге болады. Оның ішінде катысушылар, оқыту әдіс тәсілдерін, «жарықты қосу», фактілер, пәнаралық байланыс, оқушылардың белсенділігін ерекше атап өтті. Ұстаздар, «құнды білім мен тәжірибе бергендеріңіз үшін үлкен рахмет», - деген сөздермен ризашылықтарын білдіріп жатты.
Семинардың екінші бөлігінде облыс мұғалімдері оқытудың өзекті мәселелері бойынша 13 тренингке қатысты: физика химия және биология пәндері бойынша практикалық жұмыс жүргізген кезде PASCO құрылғын пайдалану, қалыптастырушы және жиынтық бағалау құралдарын жасау және экспертизадан өткізу, информатика сабақтарында CLIL стратегияларын пайдалану, мектеп тәжірибесінде критериалды бағалауды жүзеге асыру және веб-ресурстарды сабақтарда пайдалану. Жаңартылған білім мазмұнын табысты жүзеге асыруға қолдау ретінде облыс ұстазадары үшін қосымша әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтар әзірленіп, таратылды.
Семинар жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыруға қолдау көрсету мақсатында құрылған Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ішіндегі Әдістемелік орталығы және аймақтық "Шығыс" орталығының ұйымдастырылуымен өткізілді.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...