10.09.2018
Ел намысын абыроймен қорғап жүрген ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО жазғы спорт түрлері бойынша жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» КММ тәрбиеленушісі осының алдындағы Азия ойындарындағы көрсеткішімен жүлдеге ілікті. Яғни ол жарыста жерлесіміз 14,26 м көрсетіп, топ жарған еді. Бұл жолы үш қарғып секіру шеберінің алдын 14,76 м нәтижесімен колумбиялық Катрин Ибаргуен ғана орап кетті. Үздік үштікті жерлесімізге небәрі 4 см-ге есе жіберген Греция елінің өкілі Параскеви Папахристу түйіндеді. Ол 14, 22 м-ге қарғыған болатын.
Айта кетейік, шығысқазақстандық спортшы Индонезия жерінде өткен Азия ойындарында осы нәтижесімен маусымдағы жеке рекордын орнатты. Онымен қатар үш қарғып секіруші Ольга Рыпакова және желаяқ Виктория Зябкина Азия және Мұхиттың біріккен командасы құрамына енген еді.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...