Оның авторы – суретші, сәулетші, плакаттық кескіндеменің шебері Василий Витальевич Бильков.

23.05.2019

Пластикалық өнердің патшасы саналатын сәулет біздің автордың шығармашылығы, жеке және қоғамдық өмірінің анықтаушысы. Сәулетші мамандығы иесінің ең басты белгісі – жан-жақты кеңістіктік көлемде ойлау, әр дүниені, жер бедерлерін тек биіктіктен көру, кез-келген материал мен құрылғыларда күштік гравитациясын сезіну.

Василий Витальевич Алматыда дүниеге келген. Қазақстандағы көркем фотосуреттің негізін қалаушылардың бірі болып саналатын, көптеген халықаралық фотоконкурстарғақатысыплауреат атанған әкесі оны  пластикалық кескіндермен ойлауды үйретті. Ал, Алматыдағы пионерлер үйінде бірінші изостудия болды, кейін студенттік жылдары Өскемен құрылыс-жол институтында өтті. «10х15» (Жыл мезгілдері) көрмесінің авторы Леонид Агейкин және Валерий Раппопорт сияқты шеберлерден сабақ алу бақытына ие болған. Кейіннен Мәскеудегі Орталық тұрғын үй институтында аспирантурада оқып, жоғары оқу орындары мен балалар көркемсурет мектебінде сәулет және дизайн кафедраларында оқытушылық қызмет атқарды. Ол өз өмірін жобалар мен макеттерге, сонымен қоса,кескіндеме мен графикаларға арнаған еді. Кенеттен... Үлкен кеңістіктер мен көлемдер әлемінен 10х15 форматына ауысты. Неліктен? Бұл құпияны басқалардан өзгеше болатын осы көрменің ашылуында білетін боласыз.

Қаламыздағы сәулет өнерін, поэзия мен суретті бағалайтын өнер жанашырларын көрменің құрметті қонағы болуға шақырамыз! Көрме 10 маусымға дейін жұмыс істейді.

Похожее