14.09.2018
Бұдан басқа, заңды қатаң сақтауға, сондай-ақ моральдық-этикалық құндылықтарды насихаттауға айрықша рөл бөлінеді, яғни адам құқықтарын сақтау мәдениетін дәріптеу және бақылау мәселесі өзекті.
Агенттікпен жүйелі түрде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуына бақылау жүзеге асырылып, Әдеп жөніндегі кеңестер мен уәкілдердің қызметін үйлестіру жүргізіліп келеді.
2018 жылдың 8 айында Агенттікпен және оның аумақтық департаменттерімен 728 тексеру жүргізілді,. Бұл ретте, барлық тексерістердің 70% азаматтардың өтініштері негізінде жүргізілгендігін атап өту керек.
Өтініштердің көптеп келіп түсуі халықтың Агенттіктің қызметіне деген сенімділігін артқанын көрсетеді. Сонымен бірге, бұл халықтың бұзушылықтарға деген төзбеушіліктің көрінісі деп білеміз.
Жалпы, тексерулер нәтижесінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама және қызметтік әдеп нормаларының 8000-ға жуық (7956) бұзушылықтары анықталды (2017 жылдың 8 айында 9546), оның ішінде:
- мемлекеттік әкімшілік бос лауазымға орналасудың конкурстық тәртібі бойынша - 868;
- мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша – 662 ;
- үстеме жұмыс жасағаны үшін өтем ақы төлеу бойынша – 569 ;
- мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі бойынша – 562;
- Әдеп нормаларының бұзушылықтары – 417.
Есептік кезеңде тексеру нәтижелері бойынша заңнама бұзушылығымен қабылданған шешімдердің күшін жою мақсатында мемлекеттік органдарға 396 ұсыныстар енгізіліп, оның 361-і (91,1%) орындалған, оның ішінде заңсыз қабылданған 33 актінің және мемлекеттік органдардың 22 шешімінің күші жойылды. 216 арызданушылардың құқықтары қалпына келтірілді (58,6%).
Агенттік және оның аумақтық департаменттерімен қабылданған шаралардың нәтижесінде 419 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен бірге, ағымдағы жылдың 8 айында Агенттікпен және оның аумақтық департаменттерімен мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша 243 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Барлығы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкімшілік жазалар бойынша бюджетке 10 528 333 тенге келіп түсті.
Әдеп жөніндегі уәкілдердің және кеңестердің қызметіне байланысты
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін жоғарлатуда және құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуде Әдеп жөніндегі кеңестер және уәкілдер шешуші рөл атқарады. Олардың қызметі толығымен әдептілік бұзушылықтарының алдын алуға, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын және мүдделерін қорғауға, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған.
Жалпы алғанда, алдын алу шаралары тәртіптік тәжірибеде оң өзгерістерге әкелді, жекелеген бағыттарда әдептік құқық бұзушылықтардың саны азайды.
Қызметтік автокөліктерді жеке мақсатта пайдалану фактілерінің, әлеуметтік желілерде әдепсіз мінез-құлыққа байланысты бұзушылықтардың саны едәуір азайды. Ағымдағы жылы тек бірен-саран жағдайлар тіркелген.
Бұл жағымды өзгерістер қоғамның белсенді азаматтық ұстаным танытуымен тікелей байланысты, және де бұл бағытта бұқаралық ақпарат құралдардың үлесі де аз емес.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басында мемлекеттік қызметтегі әдептілік деңгейін көтеру бойынша Кешенді жоспар бекітілгенін айта кету қажет. Оның аясында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мемлекеттік қызметшілердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау бойынша шарлар жүзеге асырады.
Олар өздерінің бастамасымен профилактикалық іс-шараларға қатысып, азаматтарға қабылдау жүргізіп, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұратып және мейлінше өзекті мәселелерді қарауға бастама жасауда.
Мәселен, Қостанай облысының Әдеп жөніндегі кеңес мүшесімен конкурстық рәсімдерді өткізу барысында заңнама нормаларының сақталуы бойынша Қостанай қаласының мемлекеттік органдарының сайттарына ауқымды мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде конкурстық іріктеу барысында анықталған бұзушылықтар үшін ҚРӘҚБтК 99-бабы 1 бөлігіне сәйкес 5 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тағы бір жарқын мысал, Әдеп жөніндегі кеңес мүшесімен басшының қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде әдептілік нормаларын сақтамағаны, дөрекілік танытқаны анықталды. Нәтижесінде Қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сондай – ақ, бүгінгі күнде Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен 10 мыңнан астам мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтары зерделеніп, нәтижесінде 2500-ден астам лауазымдық нұсқаулықтар қайта бекітілді. Қызметіне сай келмейтін және негізсіз жүктемелерге әкеп соқтыратын функциялар жойылды.
Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңес отырыстарында мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа заңсыз тарту фактілері қарастырылуда.
Заңсыз үстеме жұмысқа тарту фактілерін жою бойынша нақты нәтижелер бар. Орталық мемлекеттік органдарда қызметтік компьютерлерді автоматты түрде сөндіру жүйесі енгізілді. Бүгінгі күнде бұл тәжірибе аймақтарға да таралуда.
Мемлекеттік Басқару академиясы және оның филиалдарында кадрларды даярлау бағдарламасы аясында басшыларға, сондай – ақ прокрастинацияға биім мамандардарға тайм-менеджмент дағдыларына оқыту курстары енгізілді.
Аумақтарда жүргізілген әлеуметтік сауалнамалар үстеме жұмысқа тарту фактілерінің 20 пайызға азайғанын көрсетті.
Жылдың соңында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен бірлесіп мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін анықтау бойынша жүргізілетін әлеуметтік зерттеулер қорытындысымен аталған бағыттағы нақты жағдайды көре алатын боламыз.
Бұдан басқа, барлық аумақтарда Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын сақтау бойынша талдау жүргізілді, нәтижесінде 50-ден астам еңбек демалысын бермеу фактілері, мемлекеттiк қызметшілерге iссапарда болған уақытында тәулікақы төлінбеуі бойынша 100-ден астам фактілер, мемлекеттiк қызметшiлерге сауықтыру жәрдемақысын уақытында төлемеудің 130-дан астам бұзушылықтары анықталып және мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлауға жолдаған кездегі 900 бұзушылық фактілері анықталды.
Осылайша, талдау барысында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен Батыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімімен әрбір іссапарға барған мемлекеттік қызметшілерден әкімдіктің қажеттілігіне деген сылтаумен жүйелі түрде ақша қаражатын заңсыз жинаған анықталды.
Нәтижесінде мемлекеттік қызметшілерден ақша қаражатын заңсыз жинау тәжірибесінің жолы кесілді.
Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік құқықтарын жүзеге асыруға қатысты 15 аумақта мемлекеттік қызметшілерге тегін медициналық көмек қамтамасыз етілді және спорттық нысандарға тегін бару мәселесі шешілді.
Бүгінгі күні аталған аумақтарда мемлекеттік қызметшілердің жалпы санынан 30%-дан астамы (12495) спортпен шұғылданады.
Бұл Елбасының «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген («....салауатты өмір салтын ұстану мен кәсіби тұрғыдан жетілу – мінез-құлықтың іскерлігі») бағыттарымен ұштасады.
Мемлекеттік қызметшілер қазіргі заман қарқынынан қалыспауы тиіс.
Моральдық-әдептілік құндылықтарды жоғарылатудың тағы бір құралы болып Әдеп жөніңдегі уәкіл институты табылады.
Бүгін, Әдеп жөніндегі уәкіл институты өзінің керектігін дәлелдеді. Бұл соңғы екі жыл ішінде оларға келіп-түскен өтініштер санының он еседен астам ұлғаюымен расталады
(2016 жылы - 445 азаматтардың, 2017 жылы - 3461, 2018 жылғы 8 ай ішінде - 7785).
Әдеп жөніндегі уәкілдердің алдында тұрған ең маңызды міндеттердің бірі – ол ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Осы мақсатпен олар жүйелі түрде өңірлерге барып түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, оның барысында мемлекеттік қызметкерлер арасында сауалнама өткізіп, сондай-ақ, азаматтарды қабылдау өткізеді.
Шара барысында азаматтардың және мемлекеттік қызметшілердің өтініштері тез арада қарастырылып және олар бойынша нақты шаралар қабылдануда.
Әдеп жөніндегі уәкілдер қазірдің өзінде құқықтарды қорғау бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалысты, іссапар және сыйақы беру кезінде, сондай-ақ жанжалды жағдайларын шешу тәжірибесі қалыптасқан.
Осылайша, бүгінгі күні Әдеп жөніңдегі уәкілдерімен 104 өтініш берушілердің құқықтары қалпына келтірілді, оның ішінде 21 мемлекеттік қызметкерлер, 65 жанжалды жағдайлар шешілді.
Әдеп жөніңдегі уәкілдердің қызметін ынталандыру мақсатында Агенттік Үздік әдеп жөніндегі уәкіл байқауын ұйымдастырады.
Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар «Орталық мемлекеттік органның Үздік Әдеп жөніндегі уәкілі» және «Жергілікті атқару органының Үздік Әдеп жөніндегі уәкілі» екі номинациясы бойынша марапатталады.
Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкілі жеңімпаз болып танылатын мемлекеттік орган «ашық (әдепті) мемлекеттік орган» мәртебесін иеленетін болады.
Мүмкіндікті пайдалана отырып, біз құжаттарды қабылдаудың басталуын жариялаймыз, барлық тілек білдірушілер бекітілген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес құжаттарды тапсыруы қажет:
Агенттіктің kyzmet.gov.kz. ресми сайтында барлық ақпаратты таба аласыздар.
Құрметті қатысушылар!
Бүгінгі күні, қарқынды дамып келе жатқан технология, жетілдірілген бизнес-процестер, жаһандану контекстінде мансаптық ілгерілету, бұл барлығы мемлекеттік қызметшілерден жоғары деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті талап етеді.
Айти сауаттылық және шет тілдерін білуден басқа, сын тұрғысынан ойлау, тез тіл табыса білу, клиентке бағытталу және бастамашылдық бүгін трендті дағдылар деп айтуға болады.
Бүгін, Агенттіктің алдындағы үлкен және жауапты міндет ол - инновациялық мемлекеттік қызметіне көшу, әрине, жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларсыз оған қол жеткізу мүмкін емес.
Біз жоғарыда аталған әлеуетті дамытудың тиімді құралдарының бірі - екі жақтың интеллектуалдық дауға түсуі деп санаймыз.
Осыған байланысты, «Парасаттылық және заң үстемдігі - ұлттың табысты болуының кепілі» тақырыбындағы мемлекеттік қызметшілер және студенттер арасындағы республикалық дебат турнирінің басталуын жариялаймыз.
Республикалық дебат турнирі а.ж. 1 қазанында мемлекеттік қызметшілер мен студенттерден құралған 32 команданың арасында өткізілетін болады.
Ұйымдастырушылар Агенттік, ҚазГЗУ және «Орда» дебат клубы болып табылады.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...