Полицейлер – халықтың қорғаны

06.01.2019

Өскемен қаласы полиция басқармасы басшылығының қолдауымен полиция қызметкерлері қыс мезгілінде төтенше жағдайға тап болған облыс тұрғындарына, яғни қолдауды қажет ететін барлық жандарды назардан тыс қалдырмауға тырысады. Мысалы: түнгі 2-лер шамасында автокөлігін от алдыра алмай жатқан азаматты байқаған тәртіп сақшылары тез арада көмекке келіп, қол ұшын берген.

Ал Бульвар Гагарина көшесінде Жанна есімді бойжеткеннің түнгі уақытта автокөлігінің дөңгелегі жарылып қалған, сол аумақта қоғамдық тәртіппен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген сақшылар дөңгелекті ауыстыруға көмектескен.

Полиция қызметкерлері тарапынан осындай игі істер тек қана аязды күндері ғана емес, төтенше жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету жалғасын табуда. Ал тұрғындар тарапынан алғысқа бөленген полиция қызметкерлері өз мамандықтарын мақтаныш етеді.

Похожее