Полиция басқармасының ұйымдастыруымен Өскемен қаласының аумағында 2019 жылдың 17-19 ақпаны аралығында «Тұрмыс» жедел алдын-алу іс-шарасын өткізілуде.

16.02.2019

Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған, алкогольдік мас күйде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында Өскемен қ. Полиция басқармасының ұйымдастыруымен Өскемен қаласының аумағында 2019 жылдың 17-19 ақпаны аралығында «Тұрмыс» жедел алдын-алу іс-шарасын өткізілуде.

Шара барысында Өскемен қ. ПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары мен бұқаралық ақпараттық құралдарының өкілдері қаладағы «Үлбі» дағдарыс орталығына барып қайтты. Орталықта тұрып жатқан әйелдердің бірі отбасылық жанжалдың құрбанына айналса, енді бірі тұрмыс күйзелісіне ұшыраған жандар. Мұндағы келушілердің барлығына да әлеуметтік жағдай жасалумен қатар, психологтардың көмегі де қатар көрсетіледі.

  • Зорлық-зомбылықтың дәмін татқан кез-келген нәзік жандылар алдымен бізге хабарласулары арқылы осы орталықтың қамқорлығына жүгіне алады. Бұл орталық өздерінің заңды талаптары негізінде келушілердің барлығын да қабылдайды. Біздің мақсатымыз-күйзеліске ұшыраған әйел жандардың жағдайын анықтау, қолымыздан келгенше оның қоғамнан өз орнын табуға жәрдемдесу,-деді Өскемен қ. ПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция капитаны Зарина Тоқаева.

3 күннің қорытындысы бойынша жедел-алдын алу шаралары барысында тіркеуде тұрған 193 үй тексеріліп, біршама қорғаныс нұсқамасы шығарылды.

Похожее