ШҚО – да пробация қызметкерлері еріктілермен бірігіп зейнеткерлерге көмек қолын берді

28.01.2020

ҚҚ Президентінің талабын орындау барысында прбация қызметі "Ерiктiлер 2020 Біз біргеміз" акциясын өткізді. Акция аясында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен бірiгiп пробация қызметкерлері ШҚО Жарма ауданы Қалбату ауылында тұратын жалғыз басты 1945,1949 жылдары туған қарт зейнеткерге көмек көрсетті. Көмектін нəтижесінде қарт адамдардың үйінің ауласы, шаруашылық құрылыстарға жолдарын ашып қардан тазартып берді. Бұл акцияға қатысуға есепте тұрған азаматтар өздері ниет білдіріп өздерінің осы мемлекетіміздің барлық жақсы бастамаларына əрдайым қатысып, атсалысуға дайын екендіктерін көрсетті. Өз алдында көмек көрсетілген Татьяна жəне Қарлығаш апаларымыз көмек көрсеткен азаматтарға рахмет айтып, алғыс білдіріп баталарын берді. Бұл іс шара жалғыз зейнет жасындағы апаларға көмек қане емес есепте тұрған азаматтарға түзелу жолына түсуге бір қадам деп білеміз.

Похожее