31.10.2019
ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын-алу және парасаттылық басқармасының мамандары Бекбаева Г.А. және Сахариева М.Қ. Өскемен қаласының «Ана және бала орталығында», №1, 2 емханаларында сыбайлас жемқорлық фактілері жайлы арыз-шағымдарға арналған «Сенім жәшіктерін» орнатты.
Сондай-ақ, шара барысында аталған медициналық мекемелерде қызмет алушылар арасында сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде, сауалнамаға қатысқан 97 адамның тек 2%-ы өз еріктерімен медицина қызметкерлеріне сыйлық бергендерін, ал респонденттердің 6%-ы дәрігерлерге кезек әркез сақталмайтындығын көрсеткен. Барлық респонденттер медицина қызметкерлері тарапынан пара талап ету фактілерімен орын алмағандығын атап өткен.
Қызмет алушыларға, кеңес алу үшін немесе сыбайлас жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда жүгінуге болатын «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық-кеңсесінің 8 7232 71-33-04, 8 777 857 61 65 нөмірлері көрсетілген бүктемелер таратылды.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...