01.08.2018
Борис Александров күні танымал хоккейші жол апатынан қаза болғалы бері жыл сайын өткізіліп келеді. Ол өз уақытында «Алтай-Торпедоның» өрлеуіне негіз болған білікті бапкер еді. Танымал хоккейші 2002 жылы өмірден озды. Содан бері 16 жыл бойы оның достары, спорт ардагерлері және жас хоккейшілер оны еске алып, спортшының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып келеді. Еліміздің хоккей федерациясы ШҚО-ғы филиалының директоры Алексей Межебицкийдің айтуынша, осыдан 16 жыл бұрын мезгілсіз өмірден озған Борис Викторовичтің есімі тек Қазақстан көлемінде ғана емес, күллі Кеңес Одағына мәшһүр болған. Одан бөлек, танымал хоккейшінің алғашқы бапкері Юрий Тахов те өз пікірін білдірді.
– Өңірдегі хоккей спортының бір жолға қойылуына сүбелі үлес қосқан дарынды спортшымызды еске алып, бір адамдай жиналғанымызға қатты қуанып тұрмын. Ол үнемі алдына тау мақсат қоятындығымен ерекшеленетін. Бористің есімі әлі талай жыл өскелең ұрпақтың жадында қалатындығына сенімдімін, – деді жаттықтырушысы.
Оның ойын мәнерін есте сақтап, жаттықтырушылық біліктілігін бір сәт ұмытпағандар арасында жас хоккейшілер, онымен қоса өскемендік «Торпедо» клубының үздік ойыншылары да болды. Атап айтсақ, шабуылшылар Александр Шин, Евгений Рымарев және қорғаушы Леонид Метальниковтер де құрмет қылып, гүл шоқтарын қойды.
Борис Александров ойын мансабын 1995 жылы аяқтады. Соңғы ойындарын оған Олимпиада чемпионы болуға басты себеп болған жергілікті «Торпедо» клубының сапында өткізгенін айта кетейік. Қазақстан хоккейінде мұндай биікке әзірге Борис Викторович қана жетті.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...