ШҚО прокуратурасы мемлекеттік балабақшаларды инвесторларға беру туралы шешімді бұзды

02.11.2019

Жақында Семей қаласында 4 балабақшаны жеке тұлғаларға сенімді басқаруға беру туралы шығарылған шешім ата-аналардың наразылығын тудырды.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жағдайына алаңдаған екі мыңдай ата-аналар ұжымдық арызбен ШҚО прокуратурасына жүгінген.

Қадағалау органының қызметкерлері Семей қаласы әкімдігінің іс-әрекеттерінің заңдылығын тексеріп, бірқатар бұзушылықтарды анықтады. Аталмыш балабақшалар табысты жұмыс істегені, әкімдіктің оларды сенімді басқаруға беру үшін дәлелді негіздері болмағаны анықталды. Балабақшаларды тапсыру туралы келісімшарттар экономикалық негіздемесіз, инвестиция көлемі мен мерзімдерінсіз жасалып, «Мемлекеттік жеке меншік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнының талаптары бұзылған. 

         Жасалған шарттарда салымдардың сипатының техникалық нақтылауы көрсетілмеген, сенімді басқарушылардың бақылау тәсілі болмаған. Сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беру мекемелерін берген кезде білім беру және еңбек заңнамаларының талаптары бұзылған, бұл балалардың тәрбиесіне теріс әсерін тигізетін еді. 

Тексеру нәтижелері бойынша облыс әкімдігінің атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіліп, қала комиссиясының шешімі бұзылды.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Похожее