06.11.2018
Қылмыстылық 4%-ға (19314-тен 18536-ға дейін), оның ішінде, кісі өлтіру қылмыстары (91-ден 68-ге дейін), қарақшылық шабуыл (31-ден 24-ке дейін), тонау (473-тен 396-ға дейін) бөтен мүлікті ұрлау қылмыстары (11550-ден 11377-ге дейін) азайды.Топпен жасалған (-10,7%), жасөспірімдер арасында (-22,7%) және қайталама (-11,1%), сондай-ақ, алкогольді мас күйінде жасалған қылмыстардың (-15,9%) төмендеуі байқалады.
ШҚО жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жүргізген жұмысы барысында (қолайсыз отбасыларға рейд өткізу, аулаларды, шатырларды, жертөлелерді тексеру) тұрмыстық кісі өлтіру қылмыстарының санын 25% азайтуға мүмкіндік берді
Ұрлықтардың алдын алу барысында жедел профилактикалық шараларды қолданылуы пәтер ұрлықтарын 25%, ұялы телефондардың ұрлығын 2% кемуіне ықпал етті.
Қылмыстық процесті ізгілендіруі де қылмыстың төмендеуіне әсер етуде. Мысалы, ұсталынған тұлғалардың саны 60% (973-тен 387-ге дейін) және қамауда отырғандардың саны 57% (820-дан 355-ке дейін) азайған. Тергеушілер мен анықтаушылардың 187 бөлмесі бейнебақылау камераларымен жабдықталған.
Электронды нысанда тергелетін қылмыстық істердің саны 3,5 есе артқан (165-тен 598-ге дейін). Қылмыстық қудалау органдарын қажетті құрылғылармен жабдықталуы 1-ден до 43% дейін көбейген.
Қоғамдық мүдделерді қорғау жүйесі саласында азаматтардың құқықтарын қорғау және бюджетті толықтыруға аса назар аударылған.
9 ай ішінде прокурорлық ықпал ету шеңберінде қазынаға 1,1 млрд. теңге өндірілген, 2,5 млрд. теңгеге мүлік қайтарылған.
Қалалық жолаушылар тасымалдаушыларына 3,2 млрд. салық негізсіз аударылуы себепті ШҚО МКД арасындағы ұзақ уақыт жалғасып келе жатқан дау прокуратураның талап-арызы арқылы кәсіпкерлер мен тұрғындардың пайдасына шешілді.
Облыс орталығының екі ірі кәсіпорындарында тексеру жүргізу барысында - («Востокцветмет» ЖШС, «Казцинк» ЖШС) өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында анықталған 1,6 мың бұзушылықтар жойылды. Жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін 17 нысан мен механизмнің қызметі тоқтатылды.
Облыс прокуратурасының бастамасымен пайдаланылмайтын жерлерді алу алгоритмі әзірленді. Қазіргі уақытта құны 2,2 млрд.теңге құрайтын 180 жер учаскесі қайтарылды.
Табиғи монополиялар субъектісінің қызметін қадағалау саласында прокурорлардың актісі бойынша Семей қ., Глубокое және Молодежное к., жылумен қамту қызметіне компенсациялық тарифтері енгізілген.
Табиғат пайдаланушылармен 91 келісімнің шарттарын орындамау фактілері (аумақтың әлеуметтік дамуы) бойынша қадағалау актілерімен 60 млн. теңге мемлекет пайдасына өндірілді.
IT-технологияларды қолданумен («Google Earth» геопорталы және ғарыш мониторингі) нақты аумақтардан тыс жерлерді пайдалану деректері анықталып, бұл бойынша тергеулер жүргізілуде.
Жылдың басынан бастап, прокурорлар азаматтар мен заңды тұлғалардың 5 мыңнан астам арыздарын шешті. Құқық қорғау қызметінің Орталығында облыстың 2 мыңнан астам тұрғынына құқықтық көмек көрсетілді.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...