Шағын аудан бой көтереді

18.12.2018

Өскемен қаласындағы 28 тұрғын ауданға Нұрлы жер бағдарламасы бойынша салынатын 3-кезектегі тұрғын үйлердің құрылысы басталып кетті. Болашақта 7-20-25 бағдарламасы бойынша халыққа берілетін баспаналардың жалпы саны жоба бойынша 1000 үйді құрайды.

Алғашқы 54 үйдің құрылысы қараша айынан бастап қолға алынып, іргетастары қалануда. Жобаны іске асырушы «Восток строй» компаниясы директорының айтуынша 80 шаршы метрлік – 31 үй, 100 шаршы метрлік – 13 үй және 130 шаршы метрлік – 10 үй салынбақ. Құрылысқа қажетті су және электр желілері тартылған.

Тұрғын аудандағы құрылысты көруге келген өңір басшысы мердігер компанияға үйлердің сапасына назар аударуды тапсырды. Аталмыш компания 27 желтоқсанда Семей қаласынан салынған 280 орындық балабақшаның құрылысын аяқтап, пайдалануға бермек.

Даниал Ахметов компания басшылығына тапсырылған жұмыстарды уақытында аяқтағандары үшін алғысын білдірді.

Похожее