Шығыс Қазақстан Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

06.09.2018

2018 жылғы 8 қыркүйек 09. 00 сағатта Өскемен қ. Республика даңғылында (өрнекті бөлігі) «Денсаулық фестивалі» өткізіледі.

«Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» медициналық мекемесі ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы мен Өскемен қ. Әкімдігінің қолдауымен 2018 жылғы 8 қыркүйекте «Пайдалы цифрларға жет!» ұранмен «Денсаулық фестивалін» өткізеді.

Статистика деректері бойынша, әлемдегі өлімдердің 70%-на созылмалы инфекциялық аурулар жатады- бұл жылына шамасымен 40 млн. өлім. Назарды созылмалы ауруларды емдеуден олардың алдын алуға, қоғамдық денсаулықты қорғауға аудару қажет сияқты.

Дене бейқамдығы (жеткіліксіз дене белсенділігі) маңыздылығы бойынша ғаламдық өлім-жітім қауіп-қатерінің төртінші факторы болып табылады (әлемдегі өлім-жітім жағдайларының 6%). Оған қоса, дене бейқамдығы сүт безінің және тоқ ішектің қатерлі ісігінің (жағдайлардың 21-25% шамасында), диабеттің (жағдайлардың 27%) және жүректің ишемиялық ауруының (жағдайлардың 30% шамасында) пайда болуының негізгі себебі болып табылады.

Денсаулық фестивалінің негізгі мақсаты болып- аурулардың алдын алу, халықтың назарын белсенді өмір салтын жүргізуге аудару және халықтың денсаулық үшін дене белсенділігінің артықшылықтары жайында хабардарлығының деңгейін жоғарлату табылады.

«Денсаулық фестиваліне» қаланың медициналық ұйымдары қатысады: «Амбулаториялық орталық» мекемесі, № 1 Емхана, №2 Емхана, ШҚ Облыстық наркологиялық диспансер, ШҚО Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы. Әртүрлі бейінді дәрігер мамандар «сау цифраларды» (артериялық қысым деңгейі, қан деңгейі, қандағы холестериннің деңгейі) анықтау үшін жедел диагностика жүргізеді, Кетле Индексін есептеумен бой, салмақ параметрлерін өлшейді және болашаққа дұрыс тамақтану, темекі, алкогольді пайдаланудан бас тарту бойынша кеңестер береді.

ШҚ Облыстық ЖҚТБ алдын алу және күрес бойынша орталығы АИТВ-инфекциясына жедел сынамалау жүргізеді. Тілек білдіргендер ШҚ Облыстық Туберкулезге қарсы диспансердің жылжымалы флюорографиялық машинасында тегін флюорографиядан өте алады. ШҚ облыстық қан орталығы донорлық қан жинауды ұйымдастырады.

«Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы тұрғындар үшін бірқатар спорттық іс-шаралар дайындады.

Похожее