16.04.2019
Ол ОВ 156/22 мекемесінде жазасының басым бөлігін өтеген, бірақ, төлемеген залалы болған соң, оған бірінші сотының соты бас бостандығынан айыру жазасын жеңілірек жазаға ауыстырудан бас тартқан.
Облыс прокуратурасының бастамасымен сотталған тұлға медиатормен және жәбірленушімен үш тарапты келісімге қол қойды. Осы құжаттың шарттары бойынша сотталған тұлға ай сайын жалақысының 50%, яғни, 30 мың теңге төлеуге міндеттелді.
Жәбірленушінің сотталған тұлғаға талаптарының жоқтығын, онымен татуласқанын, медиативтік келісім жасағанын ескеріп, прокурор апелляциялық сатыда сотталғанның өтінішхатын қолдады. Облыстық сот оның 2 жыл 7 ай 19 күн өтелмеген жаза мерзімін бостандығын шектеу жазасына ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы қылмыстық заңнаманы ізгілендіру саясатын дәйекті түрде жүзеге асыратынын атап өту қажет. Бұрын сотты болған тұлғаларды әлеуметтік бейімдеуіне, пробация қызметінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ, баламалы жаза шараларына сотталған тұлғаларды ресоциалиязациялауға аса назар аударылады.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...